Page 26 - indexf
P. 26

3-тарау. Жер – жылжымайтын мүлік негізі

3.1 Жылжымайтын мүлік ретіндегі жердің мәні, ерекшеліктері

    Жер – Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шек-
тегі аумақтық кеңістік, табиғи pecуpc, жалпыға ортақ өндіріс құралы
және кез келген еңбек үдерісінің аумақтық негізі.

    Жер нарығы дегеніміз – жерді сату, сатып алу, жалдау бойынша
мүдделі тараптар арасында туындайтын экономикалық қатынастар
жүйесі. Жерді өндіріс факторы ретінде талдау оның табиғатын,
мәнін, ерекшеліктерін қарастыруға мүмкіндік береді. Қазақстан
Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай
санаттарға бөлiнедi:

    1.	 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
    2.	 елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi

         мекендердiң) жерi;
    3.	 өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерi және өзге де ауыл

         шаруашылығы мақсатына арналмаған жер;
    4.	 ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақ-

         сатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
    5.	 орман қорының жерi;
    6.	 су қорының жерi;
    7.	 босалқы жер.
    Жердің өндіріс факторы ретіндегі ерекшеліктері:
    ●● жер – шексіз мерзімде пайдаланады және қайта өндірілмейді;
    ●● жер – табиғи фактор болып болып табылады;
    ●● жер – қозғалмайтын болып есептеледі;
    ●● жер ауыл шаруашылығында тиімді пайдалану кезінде тозып қа-

         на қоймайды, сонымен қатар, өзінің өнімділігін де жоғарлатады.
    Меншiк иесi жер учаскесiн сатқан немесе жалға берген кез-
де, мемлекеттiк емес жер пайдаланушы өзiне тиесiлi жер пайдалану
құқығын басқа тұлғаларға сатқан кезде, сондай-ақ ол жер учаскесiн
кейiнгi жер пайдаланушыларға жалға берген кезде, жер учаскелерi
үшiн төлемақының мөлшерi, мерзiмдерi мен нысаны Қазақстан
Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес сатып алу-сату немесе
мүлiк жалдау шарттарымен айқындалады.
    Қазақстан Республикасы жерiнiң табиғи және шаруашылық
жағдайы, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi, нысаналы пайдаланы-
луы, мөлшерi мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы,

           26

⇐ МАЗМҰНЫ
   21   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31