Page 208 - indexf
P. 208

Қалалық аймақтарға бөлу – елдi мекеннiң аумағын олардың
функционалдық мақсатына сәйкес бөлу (тұрғын, қоғамдық,
өнеркәсiптiк, рекреациялық және басқа да функционалдық аймақтар);

    Қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасы –
аумақтарды ұйымдастыру, аумақтар мен елдi мекендердi дамыту мен
салудың қала құрылысын жоспарлау, объектiлердi салу (кеңейту,
жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына
келтiру, күрделi жөндеу, консервациялау және кейiннен кәдеге жара-
ту), сондай-ақ құрылысты ұйымдастыру, аумақты инженерлiк жағынан
дайындау, абаттандыру, көгалдандыру, сыртқы безендiру үшiн қажеттi
(жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын, мемлекеттiк және
мемлекетаралық нормативтiк құжаттарды қоса алғанда) өзара байла-
нысты құжаттардың жүйесi;

    Қала құрылысы кадастрының есептеу бiрлiктерi – тұтастай
Қазақстан Республикасы, облыстар, аудандар, елдi мекендер аумағының,
ауқымды, жайпақ және желiлiк құрылыстардың барлық түрлерiн қоса
алғанда, жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң ұйымдастырылған және
пайдаланылған элементтерi;

    Қала құрылысының кеңiстiгi – адамның (ел, аймақ, елдiмекен,
елдi мекен бөлiгi халқының) мекендейтiн және тiршiлiк ететiн
материалдық ортасы қалыптасатын қала құрылысын реттеу аумағы;

    Қала құрылысы қызметi – қала құрылысын жоспарлаудағы
қала құрылысы кеңiстiгiн қалыптастырудың, қала құрылысы жоба-
сын жасаудың, қала құрылысы құжаттамасының барлық сабақтас
бөлiмдерiн үйлестiрудiң шығармашылық процесiн қамтитын, аумақтар
мен елдi мекендердi ұйымдастыру мен дамыту, аумақтарды қала
құрылысына пайдалану түрлерiн анықтау, қалалар мен ауылдық елдi
мекендердi кешендi жоспарлау жөнiндегi қызмет;

    Қала құрылысының регламенттерi – аумақтарды (жер учаскеле-
рiн) және басқа да жылжымайтын мүлiк объектiлерiн пайдаланудың,
сондай-ақ олардың жай-күйiнiң заңнамада белгiленген тәртiппен жол
берiлетiн кез келген өзгерiстерiнiң режимдерi, рұқсаттары, шектеулерi
(ауыртпалық салуды, тыйым салу мен сервитуттарды қоса алғанда).
Қала құрылысының регламенттерi мемлекеттiк нормативтерге сәйкес
орындалған қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасымен
белгiленедi. Қала құрылысы регламенттерiнiң қолданылуы олар үшiн
белгiленген мерзiм шегiнде шектеледi;

    Қонысаралық аумақтар – елдi мекендердiң шекарасынан
(шегiнен) тыс жатқан аумақтар;

    Қоныстану аумағы – тұрғын үй, қоғамдық (қоғамдық-iскерлiк)

           208

⇐ МАЗМҰНЫ
   203   204   205   206   207   208   209   210   211   212   213