Page 210 - indexf
P. 210

М
    Мекенжай – жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жерін
сипаттау, ол мынадай элементтерді қамтиды: облыс, республикалық
маңызы бар қала, аудан, округ, елді мекен, елді мекеннің құрам бөлігі,
бастапқы жылжымайтын мүлік объектісі, қайталама жылжымайтын
мүлік объектісі (бар болған жағдайда);     
    Мансардтық қабат – шатырлы кеңістіктегі, қасбеті көлбеу және
тік құлама немесе қисық сызықты төбенің бетінде (беттерінде) толық
және ішінара салынған қабат;
    Мемлекеттің сыйлық ақысы – республикалық бюджеттен жыл
сайын бөлінетін және жыл қорытындылары бойынша салымның
жинақталған сомасына есептелетін ақша және тұрғын үй құрылысы
жинақ банкінің сыйақысы;
    Мемлекеттік тіркеу объектісі – құқықтық кадастрда мемлекеттік
тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікке құқықтар мен құқықтар
ауыртпалықтары, сондай-ақ заңдық талаптар;
    Мекенжайдың тіркеу коды – жылжымайтын мүлік объектісі
мекенжайының бірегей коды.
    Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры – қала құрылысы
регламенттерiн, қала құрылысы, сәулет және құрылыс қызметi
аумағын оның пайдаланылу режимiнiң әлеуметтiк-құқықтық белгiлерi,
инженерлiк-техникалық қамтамасыз етiлу деңгейi, онда орналасқан
объектiлердiң параметрлерi мен жай-күйi, сондай-ақ табиғи-климаттық
жағдайлары мен экологиялық жай-күйi бойынша сипаттайтын
картографиялық, статистикалық және мәтiндiк ақпаратты қамтитын
сан және сапа көрсеткiштерiнiң мемлекеттiк жүйесi;
    Мемлекеттiк нормативтер (мемлекеттiк нормативтiк құжаттар)
– адамның мекендеуi мен тiршiлiк етуiне қолайлы, қауiпсiз және басқа
да қажеттi жағдайларды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық
актiлер, қала құрылысы және техникалық регламенттері, нормативтiк-
техникалық құжаттар, өзге де мiндеттi талаптар, шарттар мен шектеу-
лер жүйесi;
    Меншiк құқығы дегенiмiз – субъектiнiң заң құжаттары арқылы
танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша ие-
лену, пайдалану және оған билiк ету құқығы. Меншiк құқығы мәмiле
жасалған кезде болған барлық жүктемелерiмен басқа адамға берiледi.
Меншiк иесiнiң өз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету
құқығы болады.
    –– Иелену құқығы дегенiмiз – мүлiктi iс жүзiнде иеленудi жүзеге

         асыруды заң жүзiнде қамтамасыз ету.

           210

⇐ МАЗМҰНЫ
   205   206   207   208   209   210   211   212   213   214   215