Page 209 - indexf
P. 209

және рекреациялық аймақтарды, сондай-ақ инженерлiк және көлiк
инфрақұрылымдарының жекелеген бөлiктерiн, басқа да объектiлердi
орналастыруға арналған, орналастырылуы мен қызметi арнаулы
санитарлық-қорғаныш аймақтарын талап ететiндей әсер етпейтiн елдi
мекен аумағының бiр бөлiгi;

    Құрылыс қызметi – жаңа объектiлер салу және бар объектiлердi
(үйлердi, ғимараттар мен олардың кешендерiн, коммуникацияларды)
өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникамен қайта жарақтандыру, рекон-
струкциялау, қалпына келтiру, күрделi жөндеу), олармен байланысты
технологиялық және инженерлiк жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу),
құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын дайындау
(өндiру), сондай-ақ аяқталмаған объектiлер құрылысын консервация-
лау мен өз ресурстарын тауысқан объектiлердi кейiннен кәдеге жарату
жұмыстарын жүзеге асыру жолымен өндiрiстiк және өндiрiстiк емес
негiзгi қорларды құру жөнiндегi қызмет;

    Құрылыс өнiмi – сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс
қызметiнiң аралық және (немесе) түпкiлiктi нәтижесi;

    Құрылыс өнiмiнiң сапасы (объектiнiң сапасы) – қызметтiң
(пайдалануға берудiң, пайдаланудың, қолданудың) бүкiл мерзiмi
бойында меншiк иелерiнiң және тұтас алғанда қоғамның мүдделерi
мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды
бiлдiретiн, тұтынушыларға жеткiзiлген түпкiлiктi құрылыс өнiмi
сипаттамаларының эстетикалық сипаттаманы қоса алғанда жиынтығы;

    Қызмет ететін жылжымайтын мүлік объектісі – сервит-
тутпен ауыртпалық салынған жылжымайтын мүлік объектісі;
Құқықтық кадастр – жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың,
азаматтық әуе кемелеріне, теңіз кемелеріне, ішкі суда жүзу кемелеріне,
«өзен-теңіз» жүзу кемелеріне тіркелген құқықтар туралы мәліметтердің
бірыңғай мемлекеттік тізілімі;

    Бұрын туындаған құқықтарды құқықтық кадастрда жүйелі
тіркеу – жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу
жүйесі енгізілгенге дейін туындаған және егер олар туындаған сәтте
қолданыстағы заңнамаға сәйкес келсе, жарамды болатын жылжымай-
тын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) есептік тіркеу;

    Құқықтық кадастрдан мәліметтер – құқықтық кадастрда
қамтылған жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (құқықтар
ауыртпалықтары) және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілері тура-
лы ақпарат және тіркеуші орган ұсынатын тіркеу ісіндегі құжаттардың
көшірмелері;

           209

⇐ МАЗМҰНЫ
   204   205   206   207   208   209   210   211   212   213   214