Page 27 - indexf
P. 27

жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерiнiң кадастрлық
құны туралы мәлiметтердiң, өзге де қажеттi мәлiметтердiң жүйесi бо-
лып, мемлекеттiк жер кадастры табылады. Мемлекеттiк жер кадастры-
на жер учаскелерiне құқықты субъектiлер туралы ақпарат та енгiзiледi.
Жер кадастрының құрамдас бөлiгi суармалы жер учаскелерiнiң
мелиорациялық жай-күйi, олардың табиғи және ирригациялық-
шаруашылық жағдайлары бойынша сапалық сипаттамаларын бағалау
туралы, оларды пайдаланудың есебi туралы мәлiметтер жүйесiн
құрайтын суармалы жердiң мелиорациялық кадастры болып та-
былады. Мемлекеттiк жер кадастрының деректерi жердi пайдала-
ну мен қорғауды жоспарлау кезiнде, жерге орналастыруды жүргiзу,
шаруашылық қызметтi бағалау және жердi пайдалану мен қорғауға
байланысты басқа да iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде, сондай-ақ
жердiң бiрыңғай мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру, құқықтық және
басқа да кадастрларды жүргiзу, жер үшiн төлем мөлшерiн айқындау,
жылжымайтын мүлiк құрамындағы жер учаскелерiнiң құнын және
табиғи ресурстар құрамындағы жердiң құнын есепке алу үшiн негiз
болып табылады.

    Жерді кадастрлық бағалау құны – мемлекет жер учаскесін неме-
се оны жалға алу құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның
жалпы деңгейі туралы ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес
кезең-кезеңімен нақтыланатын жер учаскелері үшін төлемақының
базалық ставкалары және оларға түзету коэффициенттері негізінде
айқындалатын жер учаскесінің есептеу құны болып саналады.

    Жер учаскесiне жеке меншiк құқығын өтеулi түрде сату жер
учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына түзету
коэффициенттерiн қолдану арқылы шығарылатын бағалау құны
негiзiнде есептеледi.

    Төлемақының базалық ставкасы дегеніміз – мемлекет жер
учаскесіне жекеменшік құқығын берген кезде немесе уақытша өтеулі
жер пайдалану құқығын сатқан кезде оның кадастрлық бағалау
құнын айқындауға арналған жер учаскесінің нормативтік бағасы. Жер
учаскелерi жекеменшiкке берiлген кезде, мемлекет немесе мемлекеттiк
жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшiн төлемақының
базалық ставкаларын, жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерiн
Қазақстан Республикасының Үкiметi кемінде жылына бір рет
белгiлейдi. Бұл ретте жер учаскелерiн пайдалану төлемақысының став-
калары жер салығы ставкаларының мөлшерiнен төмен белгiленбейдi.

    Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы
Жер кодексiне сәйкес және Қазақстан Республикасының салық

           27

⇐ МАЗМҰНЫ
   22   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32