Page 28 - indexf
P. 28

заңнамасына сәйкес жер учаскесi бойынша есептелген жер салығының
мөлшерiнде мемлекет немесе мемлекеттiк жер пайдаланушылар жер
учаскелерiн жалға берген кезде, жер учаскесi үшiн жыл сайынғы
жалдау ақысының мөлшерi жер учаскесiн жалға берген кездегi ол
үшiн базалық ставканың мөлшерiнiң 100-120% шегiнде белгiленедi.
Жер учаскелерiн жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерi, жер
учаскесiнiң кадастрлық құнының пайызымен мынадай мерзiмдер бо-
йынша:

    –– 10 жылға дейiн, оны қоса алғанда – жыл сайын 2%;
    –– 11 жылдан 30 жылға дейiн – 20%, 10 жылдан жоғары әр жыл

         сайын 1,5% қосылады;
    –– 31 жылдан 49 жылға дейiн – 35%, 30 жылдан жоғары әр жыл

         сайын 1% қосылады.
    Жалдау құқығын сату төлемақысы нақты жер учаскесiнiң
кадастрлық бағалау құнына қарай сараланып белгiленедi.
    Қазақстан Республикасының азаматтарына жекеменшiкке өзiндiк
қосалқы шаруашылық жүргiзу, бағбандық және саяжай құрылысы
үшiн тегiн берудiң белгiленген нормаларынан артық берiлетiн
қосымша жер учаскелерiнiң кадастрлық бағалау құны бағаланатын
учаскелерге неғұрлым жақын орналасқан ауылдық елдi мекендердiң
жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларына негiзделе
отырып айқындалады. Елдi мекендердiң шегiнен тыс орналасқан,
құрылыс жүргiзу үшiн берiлген жер учаскелерi бойынша кадастрлық
бағалау құны облыстық маңызы бар қалаларда аталған мақсаттар үшiн
берiлген жер учаскелерi үшiн төлемақының базалық ставкаларының он
процентi мөлшерiне негiзделе отырып айқындалады.
    Жер учаскелерiн жекеменшiкке құрылыс салуға немесе оларға
қызмет көрсетуге арналған жерлердi қоса алғанда, ғимараттар,
құрылыстар, үймереттер мен олардың кешендерi салынған жерлердi
берген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкалары (1 ш. м. үшін
теңгемен):

   Елдi мекендер   1 ш. м. құны      Елдi мекендер     1 ш. м. құны
                      (теңге)                             (теңге)
Астана қаласы                    Қостанай қаласы
Алматы қаласы     1180           Қызылорда қаласы    123
Ақтау қаласы      717            Павлодар қаласы     129
Ақтөбе қаласы     145            Талдықорған қаласы  114
Атырау қаласы     800            Тараз қаласы        137
Қарағанды қаласы  741            Орал қаласы         181
                  190                                114

                                 28

⇐ МАЗМҰНЫ
   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33