Page 29 - indexf
P. 29

Көкшетау қаласы 114       Өскемен қаласы   145
Петропавл қаласы 114      Шымкент қаласы   181

    Қалалардағы жер учаскелері үшін төлемақының базалық став-
калары олардың бас жоспарларында анықталған шекара шегінде
қолданылады. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзуге арналған
жер учаскесiнiң кадастрлық құнын арттырудың немесе кемiтудiң
жалпы мөлшерi. Жер Кодексіне сәйкес белгiленген төлемақының
базалық ставкаларының елу пайызынан аспауға тиiс. Жер учаскелері
жекеменшікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пай-
даланушылар жалға берген кезде олар үшін төлемақының базалық
ставкаларын, жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерін
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Жер учаскелерін
пайдалану төлемақысының ставкалары заңнама бойынша жер
салығы ставкаларының мөлшерінен төмен белгіленбейді. Нақты жер
учаскесінің бағалау құны жер учаскелері үшін төлемақының базалық
ставкаларына сәйкес оған түзету коэффициенттерін қолдана отырып
есептеледі.

    Мемлекет ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн беретiн
жер учаскелерiнiң кадастрлық бағалау құнын айқындау кезiнде жер
учаскесiнiң сапалық жай-күйiне, орналасуына, сумен қамтамасыз
етiлуiне, қызмет көрсету орталықтарынан қашықтығына байланысты,
арттыратын немесе кемiтетiн түзету коэффициенттерi қолданылады.
Жер учаскелерiнiң құнын анықтау үшiн жер учаскесiнiң суландыры-
луына, оның шаруашылық орталығына қарағанда орналасқан жерiне,
қызмет көрсету саласының орталықтарынан қашықтығына байланыс-
ты түзету коэффициенттерi қолданылады.

    Жер учаскесiнiң қызмет көрсету орталықтарынан қашықтығы,
жолдардың сапасына байланысты қолданылатын түзету коэф-
фициенттерi:

Қашықтығы, км Тас жолдар    Қиыршық тас    Жай жолдар
                          төселген жолдар
20-ға дейiн    1,4        1,1              0,7
21-40          1,2        0,9              0,6
41-60          1,0        0,7              0,5
61-80          0,8        0,5              -
81-100         0,6        -                -
100-ден астам  0,5        -                -

                          29

⇐ МАЗМҰНЫ
   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34