Page 31 - indexf
P. 31

рацияларды іске асыру нәтижесінде алынатын мүмкін баға болып та-
былады. Экономикалық әдебиеттерде жер құнының бірнеше түрлері
қарастырылады. Оларға жердің нормативтік және нарықтық құнын
жатқызуға болады.

    Жердің нормативтік құны – потенциалды табысқа байланысты
қайтарым мерзімі есепке алынатын және белгілі бір сапасына, орна-
ласуына байланысты жер учаскесінің құны. Жердің нормативтік құны
келесі жағдайларда қолданылады:

    ●● жерді меншікке берген кезде;
    ●● жерді мұрагерлікке берген кезде;
    ●● жерді сыйға тартқан кезде;
    ●● жерді кепілдікке беріп, несие алған кезде;
    ●● жерді мемлекеттік және қоғамдық қажеттіліктер үшін иелікке

         алған кезде;
    ●● жер тұрғын-үй құрылысы мақсатында берілген кезде.
    Жердің нарықтық құны – ақпаратпен жақсы хабардар етілген,
төтенше жағдайлардың қысымына түспеген сатып алушы мен сату-
шы өз пайдасы үшін саналы және ұтымды әрекет ете отырып, бәсекелі
және ашық нарықта жер учаскесін сататын ықтимал баға.
    Жердің нарықтық құнына пайдалылық, иеленуден шығару,
тапшылық, өтімділік, сұраныс сияқты факторлар аса көп әсер етеді.
Осы аталған объективті факторлардан басқа, жердің бағасына жер-
ге сатып алушының қызығушылығы, сатушы мен сатып алушының
ерекше шарттары, нарық жағдаяты туралы ақпараттың жеткіліксіздігі,
жарнаманың әсер етуі және т.б. сияқты субъективті факторларда
ықпалын тигізеді. Аталған факторлардың әрекеттестігі жер учаскесінің
тепе-тең нарықтық құнының қалыптасуын қамтамасыз етеді. Жер
учаскесінің тепе-тең нарықтық құны, тап осы кезде және дәл осы
нақты нарық жағдайында жер учаскесінің әділетті бағамы және си-
паттамасы болып саналады. Жердің нарықтық құнын бағалау үшін
Қазақстан Республикасында және ТМД елдерінде келесі әдістер тобы
қолданылады:
    ●● Жерді тиімді пайдалану әдісі;
    ●● Жерді сатуды салыстыру әдісі;
    ●● Жер учаскелерін бөлу әдісі;
    ●● Жерді қайта бөлу әдісі;
    ●● Жерге қалдық техникасы әдісі және т.б.
    Жер учаскесінің нарықтық құны Қазақстан Республикасының
бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

           31

⇐ МАЗМҰНЫ
   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36