Page 30 - indexf
P. 30

Арттыратын немесе кемiтетiн коэффициенттердiң шектi ең жоғары
мөлшерi екi еседен аспауға тиiс. Алқаптардың түрi мен топырақтардың
үлгiсi бойынша жер учаскесiнiң сапалық жай-күйi жер-кадастр карта-
лары, топырақ, геоботаникалық, топырақ-мелиорация және басқа зерт-
теу материалдары негiзiнде анықталады.

    Егiстiк құрамында пайдаланылатын жер учаскесiнiң құнын белгi-
леу үшiн оның мелиорациялық жай-күйi мен жер бетiнiң еңiстiгiне
қарай түзету коэффициенттерi қолданылады. Мысалы, жердiң мелио-
рациялық жай-күйi

    –– жақсы, яғни топырағы тұзды емес және сортаң емес, тассыз,
         эрозияға ұшырамаған болса қолданылатын коэффициент 1,2-ге
         тең

    –– қанағаттанарлық, яғни топырағы аздап тұзды, сортаңдау, тасы
         аз, аздап эрозияға ұшыраған; минералдануы төмен жер асты
         суларының тереңдiгі 3-6 м – 0,9;

    –– қанағаттанғысыз, яғни топырағы орташа және аса тұзданған,
         орташа және аса сортаң, тастақ, орташа және күштi эрозияға
         ұшыраған, жер асты суларының тереңдiгi 3 метрден кем болған
         жағдайдакоэффициент – 0,6;  

    Жер учаскесiнiң кадастрлық бағалау құнын арттыратын немесе
кемiтетiн бiрнеше факторлар болған кезде коэффициенттер көбейтiледi.

    Астана қаласының, республикалық маңызы бар қалалардың, облыс
орталықтарының маңындағы және курортты аймақта орналасқан елді
мекендерде жекеменшікке берілетін жер учаскелері үшін төлемақы-
ның базалық ставкалары екі есе арттырылып, жер учаскесінің бағасы
анықталады. Жер нарықтық қатынастардың ерекше объектісі. Жер
нарығы жерді құндылық деп тану оның әртүрлі қасиеттеріне байланыс-
ты оны тиімді пайдалануды ынталандыру жағдайларын қарастырады.
Кәсіпкерлік мақсатта жер учаскелерін пайдалану барысында жердің
орналасуы, ауқымы, контурлары, топографиясы, жету жолдары, жақын
орналасқан территорияларды пайдалану тәсілдері есепке алынады.
Жер адамның іс-әрекетінің өнімі емес, оның құны жоқ, бірақ табыс
әкеледі, сатып алынады және сатылады, сондықтан бағасы бар. Оның
бағасы қарыз пайызы мөлшеріне тікелей тәуелділікте болады. Жер
учаскесі ақшаның сондай сомасына сатылады, сөйтіп келешекте банк-
ке салынып өзінің иегеріне пайыз түрінде сондай табыс әкеледі. Бұл
табыс жердің рента түрінде бергеніндей болады. Жердің бағасы мына-
дай формуламен анықталады:

    Жер бағасы = рента мөлшері / қарыз пайызы × 100%
    Жердің құны – бұл ашық және бәсекелі нарықта белгілі бір опе-

           30

⇐ МАЗМҰНЫ
   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35