Page 32 - indexf
P. 32

3.2 Жер учаскелерін бағалау әдістері

    Жер учаскелерін оның мақсатына және қолда ақпараттың болуына
қарай бағалау үшін жер рентасын салыстырмалы талдау, дамыту, тара-
ту, алу, қалдық құны мен капиталға айналдыру әдістерімен айқындауға
болады. Артық учаскені бөлу нормативтері мен мүмкіндігі бойынша
салыстыру арқылы артық жер көлемі болған кезде оның құны өте
тиімді шартпен нарықтық құны бойынша бағаланады.

    Жер учаскесін бағалаудың әділ нәтижесі таңдап алынған бағалау
әдісіне тікелей тәуелді.

    Жер учаскелері үшін салыстырмалы талдау әдісі соңғы нарықтық
мәмілелер немесе ұсыныстар бағасы бойынша нақты деректері бар
ұқсас жер учаскелерімен қарастырылатын мүлікті тікелей салыстыру-
ды қамтиды.

    Әдіс мынадай әрекеттер реттілігін болжайды:
    1) осы тектес жер учаскелерін сату немесе ұсыну туралы ақпаратты
жинау және талдау жүргізу және салыстыру объектілерін айқындау;
    2) салыстыру объектілерінің сату бағасын немесе ұсыну бағасын
кейіннен түзе отырып, салыстыру объектілерімен бағалау объектілерін
салыстыру;
    3) салыстыру объектілерінің құнына түзетілетін түзетулер шама-
сын есепке алу жолымен бағалау объектісінің құнын айқындау.
    Қажетті деректер болған жағдайда салыстырмалы талдау әдісі
артықшылығы көп, жалпы қолданысқа ие әдіс болып табыла-
ды. Нарықтық ақпаратты жинақтадыңыз, салыстыратын өлшемді
таңдадыңыз. Енді салыстырылатын учаскелердің бағалары салыстыру
элементтері бойынша түзетіледі.
    Жер үшін негізгі салыстыру элементтері:
    ●● меншік құқығы;
    ●● қаржыландыру жағдайы;
    ●● сату жағдайы;
    ●● нарық жағдайы, сатылу уақыты;
    ●● орналасу орны;
    ●● физикалық сипаттамасы;
    ●● мүмкін болатын коммуналдық қызметтер;
    ●● неғұрлым жақсы және тиімді пайдалану.
    Жерді бағалағанда бірнеше салыстыру өлшемін қолдануға болады.
Осы салыстыру өлшемдерінің әрқайсысының бағасын түзету арқылы,
жер құнының ауқымын анықтайтын бірнеше құн шамасын алуға бола-
ды.

           32

⇐ МАЗМҰНЫ
   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37