Page 36 - indexf
P. 36

объектілерімен шектеледі. Ол ең аз олқылықтарды талап ететін
мүліктің жаңа объектілері үшін өте жиі қолданылады.

    Жер учаскесінің құнын анықтау үшін, келесі деректерді білу қажет:
    ●● ғимараттың құны;
    ●● жер учаскесіне орналасқан барлық жылжымайтын мүліктен

         алынатын таза операциялық табыс;
    ●● жерді және ғимаратты ақша капиталына айналдыру коэф-

         фициенттері.
    Ғимараттың құны неғұрлым тиімді пайдаланылуы мүмкін жаңа не-
месе жобаланған объектінің үлесі ретінде анықталуы мүмкін.
    Әдіс мынадай іс-қимылдар реттілігін болжайды:
    ●● нарықтық рента және болжанып отырған операциялық

         шығыстар негізінде бүкіл меншіктің таза операциялық табы-
         сын айқындайды;
    ●● құрылысқа немесе ғимаратқа қатысты таза операциялық табыс
         айқындалады;
    ●● жер учаскесіне қатысты таза операциялық табыс жер үшін
         капиталға айналдыру нормасы арқылы құн көрсеткішінде
         капиталға айналады.
    Қалдық құн әдісін жер үшін қолдану келесі ретпен жүзеге асыры-
лады:
    –– неғұрлым тиімді пайдалануды көрсететін жақсартулар
         анықталынады;
    –– нарықтағы жалға беру төлемдері деректері негізінде және
         операциялық шығындар топшыламасы негізінде барлық жыл-
         жымайтын мүліктің таза операциялық табысы анықталады;
    –– құрылысқа, ғимаратқа қатысты таза операциялық табыстың
         бөлігі айқындалады.
    Жер учаскесінің құны, жерге қатысты табыс бөлігін ақша капита-
лына айналдыру арқылы есептелінеді.
    Мысал (деректер шартты ақша өлшемімен берілген). Жер
учаскесінің құнын анықтау қажет. Бұл жер учаскесін неғұрлым жақсы
және тиімді пайдалану үшін оған сауда орталығын салу керек. Сауда
орталығын салу құны 800  000, болжам бойынша таза операциялық
табыс 200  000, жердің және ғимараттың ақша капиталына айналу
коэффициенттері сәйкесінше 9 және 12%. Ғимаратқа қатысты таза
операциялық табыс бөлігі құрылыс құны шамасына және ғимаратты
ақша капиталына айналдыру коэффициентіне қатысты анықталады:
    800 000 × 0,12 = 96 000.
    Жерге есептелінетін таза операциялық табыс:

           36

⇐ МАЗМҰНЫ
   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41