Page 40 - indexf
P. 40

ұстаушыға қарыздың негiзгi сомасының толық немесе ипотека шар-
тында көзделген бөлiгiнде төленуiн қамтамасыз етедi. Кепiл ұстаушы,
бұл негiзгi міндеттеме бойынша мүдделерi ипотекамен қамтамасыз
етiлген тұлға.

    Ипотекалық қарыз шартын қамтамасыз етуге белгiленген ипотека,
сол сияқты кредиторға кредиттiң пайдаланылғаны үшiн өзiне тиесiлi
сыйақының төленуiн қамтамасыз етедi. Ипотекалық қарыз жылжы-
майтын мүлiк ипотекасымен қамтамасыз етiлген банк қарызы болып
табылады. Ал ипотекалық тұрғын үй қарызы – тұрғын үй салу не оны
сатып алу және жөндеу мақсатында берiлетiн ипотекалық қарыз.

    Жоғарыда аталған заңның 2-тарауының 6-бабында ипотека шар-
тының нысаны көрсетілген. Ипотека шарты ипотеканы тіркеу үшін
негіз болып табылады. Ипотекалық шарт – тараптардың негiзгi
мiндеттеменi қамтамасыз етуде ипотеканы белгiлеу туралы келiсiмi.
Ипотека шарты жазбаша нысанда жасалып, оған кепiл берушi мен
кепiл ұстаушы, сондай-ақ егер кепiл берушi борышқор болмаса, онда
борышқор да қол қояды.

    Ипотека құқығы ипотекалық шарт тіркелген кезден бастап
туындайды. Ипотека шартын нотариалдық куәландыру тараптардың
қалауы бойынша жүзеге асырылады. Кепiл берушiнiң құқықтары ипо-
тека куәлiгiн беру арқылы расталуы немесе ресiмделуi мүмкiн. Кепiл
берушi – жылжымайтын мүлкi немесе ондағы үлесi ипотеканың мәнi
болып табылатын тұлға.

    Ипотека шартының мазмұнында [56] (7-бап) кепiл берушi мен
кепiл ұстаушының, сондай-ақ, егер кепiл берушi негiзгi мiндеттеме бо-
йынша борышкер болмаса, борышкердiң аты-жөнi және тұрғылықты
жерi көрсетіледі. Мұнда негiзгi мiндеттеменiң мәнi, оның мөлшерi
мен орындалу мерзiмi және кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктiң
тiзбесi мен мекен-жайы көрсетіледі. Ипотеканың мәнi болып табы-
латын жылжымайтын мүлiк, сол бойынша кепiл берушiнiң меншiгi
болып табылатын құқықтың атауы, меншiк құқығы, шаруашылық
жүргiзу құқығы және басқалары ипотека шартының негізгі құрамдас
бөлігі болып табылады.

    Егер негiзгi мiндеттеме бөлiнiп орындалуға тиiс болатын болса,
онда ипотека шартында тиiстi төлемдердiң мерзiмi мен кезеңдiлiгiн
және олардың мөлшерiне осы мөлшердi анықтауға мүмкiндiк беретiн
талаптар көрсетiледі.

    Негiзгi мiндеттеме – ипотекамен толық немесе iшiнара қамтамасыз
етiлген борыштық немесе өзге де мiндеттеме.

    Ипотека куәлiгi оның заңды иесiнiң негiзгi мiндеттеме бойынша

           40

⇐ МАЗМҰНЫ
   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45