Page 41 - indexf
P. 41

орындалуды алуға және негiзгi мiндеттеме бойынша орындалуды алу
мақсатында кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктен айыпақы өндiрiп
алуға құқығын куәландыратын ордерлiк бағалы қағаз болып табыла-
ды. Ипотека куәлігі бір дана болып жасалады және кепіл ұстаушыға
беріледі. Ипотека куәлігі оның ажырамас бөлігі болып табылатын
қосымша парақтар түрінде ресімделетін қосымшамен толықтырылуы
мүмкін. Ипотека шартының барлық данасында ипотека куәлiгiнiң
берiлгенi туралы белгi соғылады. Ипотекалық тұрғын үй қарызы не-
месе оның бiр бөлiгi бойынша ипотека нысанасы болып табылатын
бiр ғана жылжымайтын мүлiкке қатысты бiр ипотека куәлiгiнен артық
жасауға жол берiлмейдi.

    Ипотека куәлiгiнде: [56] 13-бап кепiл берушiнiң, кепiл ұстаушының,
борышқордың аты-жөнi немесе атауы және тұрғылықты, орналасқан
жері, ипотека шарты жасалған күн мен орны, төленуге тиiс негiзгi
мiндеттеменiң сомасы мен сыйақының мөлшерiн көрсетіледі. Соны-
мен бірге, кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiктiң тiзбесi мен мекен-
жайы, ипотеканың мәнi болып табылатын мүлiктiң кепiл берушiнiң
меншiгi болып табылатындығын айқындайтын құқықтың атауы, жыл-
жымайтын мүлiктің ауыртпалығы бар екендігі немесе жоқ екендігі
көрсетіледі.

4.2 Жылжымайтын мүлік объектілеріне инвестициялар

    Экономиканы одан әрі дамыту және бәсекелестік деңгейі жоғары
жылжымайтын мүлік нарығын қалыптастыру мақсатында, қордың
жарғылық капиталына «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-
ның жүз пайыз қатысуымен «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік
қоры» АҚ құрылды.

    «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік
қоғамы тұрғын үй объектілерін салу жөніндегі жобаларды қаржы-
ландыруды жүзеге асырады.

    Ол:
    ●● жеке құрылыс салушылардың, инвесторлардың инвестициялық

         өтінімдері бойынша;
    ●● жергілікті атқару органдарының жер учаскелерінде Жылжы-

         майтын мүлік қорының жобаларды іске асыруы жағдайында;
    ●● жобаларды нысаналы депозит арқылы іске асыру жағдайында;
    ●● жылжымайтын мүлік қорының салынып жатқан жылжымай-

         тын мүлік объектілерінде талаптарға сәйкес келетін тұрғын

           41

⇐ МАЗМҰНЫ
   36   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46