Page 39 - indexf
P. 39

2-бөлім. Жылжымайтын мүлік объектілерін
                          қаржыландыру

4-тарау. Жылжымайтын мүлік объектілерін
               несиелеу формалары

4.1 Ипотекалық несие

    Ипотекалық несие жылжымайтын мүлік кепілімен берілетін не-
сие нысанында қаржы ресурстарын тарту тәсілі, яғни ипотекалық‚
коммерциялық банкілер‚ сақтандыру және басқа несие-қаржы
мекемелері жылжымайтын мүлік, яғни жер‚ құрылыс‚ тағы басқа
кепілімен беретін несие. Үймереттер мен ғимараттар, бірыңғай
мүліктік кешен ретінде қаралатын институттық бірліктер, тұрғын
үйлер мен пәтерлер, тұрғын үйлердің бір бөлігі, қонақ үйлер, демалыс
үйлері, саяжайлар, бақ телімдері, гараждар мен тұтыну мақсатындағы
басқа да құрылыстар, аяқталмаған құрылыс нысандары, әуе, теңіз, өзен
кемелері, ғарыштық нысандар, көпжылдық екпе ағаштар, жалгерлік
құқық ипотекалық несие үшін салынатын кепілзат бола алады. Мем-
лекет қорлары мен орман қорлары, мемлекеттік шекараға іргелес жер-
лер, кепілге салуға заңмен тыйым салынған басқа да нысандар кепілзат
бола алмайды. Ипотекалық несие алу мақсатына қарай қысқа мерзімді,
яғни ағымдағы қажеттілікті қанағаттандыру үшін және ұзақ мерзімді
ипотекалық несие болып бөлінеді. Ипотекалық несие кезінде қарызгер-
де меншікті пайдалану құқығы сақталады. Несие толық өтелгеннен
кейін несиегерге берілген меншік құқығы жойылады. Өтеу нысан-
дары: тұрақты, тіркелген пайыздық мөлшерлемелі ипотека, кәдуілгі
ипотека немесе төлем біркелкі төленіп отыратын ипотека, пайыздық
мөлшерлемесі өзгермелі ипотека. Нарықтағы несие беру құралдары
айналысының мүмкіндігіне қарай жабық ипотека,ашық ипотека, ли-
миттелген ипотека, шектеулі-ашық ипотека, шоғырландырылған ипо-
тека түрлеріне бөлінеді [55]. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы
23 желтоқсандағы №2723 «Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы»
заңы мiндеттемелердi қамтамасыз ету жолы ретiнде мүлiк ипотекасын
қолдану кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.

    Жылжымайтын мүлiк ипотекасы немесе ипотека дегеніміз – кепiлге
берiлген жылжымайтын мүлiк немесе ондағы үлесi кепiл берушiнiң
немесе үшiншi тұлғаның иелiгi мен пайдалануында қалатын кепiл түрi.

    Ипотекалық қарыз шарты немесе өзге де мiндеттеме бойынша кепiл

                      39

⇐ МАЗМҰНЫ
   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43   44