Page 37 - indexf
P. 37

200 000 – 96 000 = 104 000.
Жердің құны:
104 000: 0,09 = 1 155 556.

    4) бос учаске үшін жалдау төлемін капиталға айналдыру әдісі бо-
йынша, егер жер учаскесі бос екендігіне қарамастан рента әкеле алса,
осы рентаны, жеткілікті нарықтық деректер болған кезде, нарықтық
құн көрсеткішінде капиталға айналдыруға болады.

    Жер учаскесінің бағасын анықтау үшін, бұл әдіс мынадай іс-
қимылдар реттілігін болжайды:

    –– жер учаскесінен алынатын жер рентасын есептеу;
    –– жер рентасын капиталға айналдырудың тиісті коэффициент ша-

         масын айқындау;
    –– жер рентасын капиталға айналдыру жолымен жер учаскесінің

         нарықтық құнын есептеу қажет.
    Бұл әдіс, жылжымайтын мүлік объектісі келтіретін кірісті бағалау-
ды және бағалау кезінде мүліктің ақша капиталына айналуын көздейді.
Әдістің негізі ретінде келесі арақатынас алынады:

                                       V = J / R.
    Мұндағы, V – жылжымайтын мүлік объектісінің бағасы,

                  J – объектіні пайдаланудан кіретін табыс,
                  R – ақша капиталына айналу мөлшерлемесі.
    Ақша капиталына айналу мөлшерлемесі, инвесторлардың өз
капиталын дәл сондай тәуекелдік деңгейімен салудан алатын
мөлшерлемесіне ұқсас етіп алынады.
    Ауыл шаруашылығы алқаптары ретінде пайдаланылатын жер
учаскелерін бағалау үшін қажет ренталық табысты айқындау үшін
жалпы табыс, ауыл шаруашылығы дақылдарының үлгілік өнімі
серпінін оны нарықта сату бағасын талдау негізінде есептеледі.
Мұнда жер учаскесінің шекараларында топырақтың құнарлылығы,
тиісті агроөндірістік топырақ топтары бойынша дақылдың өнімділігі
ескеріледі. Ренталық табысты есептеу уақытында ескерілетін
шығындар өңірлік нарыққа тән болып табылатын өндірістік шығындар
мен өндірушінің кірісін қамтиды.
    Орман өсімдігі бар және орман өсіруге арналған жер учаскелерін
бағалау үшін ренталық табыс, орман ресурстарын пайдаланудан бол-
жам жасалатын жалпы табыстан кесу айналымы кезеңінде өндірушінің
өндірістік шығындары мен кірістерін шегеру жолымен есептеледі.
    Шекараларында шаруашылық қызмет үшін пайдаланылатын таби-
ғи және жасанды жабық су қоймалары орналасқан жер учаскелерінің

                             37

⇐ МАЗМҰНЫ
   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42