Page 42 - indexf
P. 42

және тұрғын емес үй-жайларды сатып алу арқылы құрылыс
         жүргізуді ұйымдастырады.
    Жеке құрылыс салушылардың немесе инвесторлардың инвес-
тициялық өтінімдері бойынша құрылысты ұйымдастыру төменде
берілген жағдайларды ескереді. Жылжымайтын мүлік қоры ішкі
рәсімдерге сәйкес жеке құрылыс салушылар, инвесторлар ұсынған
тұрғын үй объектілерін салу жөніндегі жобаларға іріктеу жүргізеді
және оларды қарайды.
    Жобаларға келесі талаптар қойылады:
    1. ауыртпалықтан бос, жергілікті атқарушы органдардың инф-
рақұрылымды дамыту жоспарларына сәйкес тиісті инженерлік-
коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген немесе
қамтамасыз ету жоспарланған жер учаскелерінің болуы.
    2. мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар жобалық-сметалық
құжаттаманың болуы.
    3. тұрғын үйдің жайлылық сыныбы – «Тұрғын үй ғимараттары»
ҚР ҚНжЕ 3.02-43-2007 бойынша 3-сыныптан жоғары емес. Жылжы-
майтын мүлік қорының бір пәтерінің жалпы ауданы 120 шаршы метр-
ден және бір пәтерлі аз қабатты үйдің, коттедждің жалпы ауданы 200
шаршы метрден аспауға, ҚР ҚНжЕ талаптарына сәйкес коммерциялық
үй-жайлар және машина орындары болуы қажет. Тұрғын үйдің,
пәтердің жалпы алаңының 1 шаршы метрін салудың базалық құны
2012 жылғы бағада Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалалары мен қала
маңы аймақтарында 150 000 теңгеден, Қазақстан Республикасының
басқа өңірлерінде – 120 000 теңгеден аспауы тиіс. Одан арғы жылдары
тұрғын үйдің, пәтердің жалпы алаңының 1 шаршы метрін салу құны
құрылыстағы баға индексінің өзгеруі ескеріле отырып, түзетілетін бо-
лады;
    4. Құрылыс салушының немесе инвестордың жобаға қатысу үлесі:
    ●● жер учаскесін кадастрлық құны бойынша сатып алуға;
    ●● жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге;
    ●● мемлекеттік сараптама жүргізуге жұмсалған шығындары;
    ●● объектінің құрылысы аяқталғанға дейінгі мерзімге берілген
         тиісті кепілдіктермен не қаржыландырудың расталған көзде-
         рімен қамтамасыз етілген ақшалай қаражаты;
    ●● жобаны Жылжымайтын мүлік қорының қатысуымен іске асыру
         басталған сәтке дейін объектіде орындалған құрылыс-монтаж
         жұмыстарының көлемі бойынша жасалған техникалық аудит
         қорытындысымен расталған, аяқталмаған құрылысты қоса
         алғанда, жоба құнының 20%-ынан кем болмауы керек.

           42

⇐ МАЗМҰНЫ
   37   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47