Page 44 - indexf
P. 44

жайларды сатуы, жалға беруі, сатып алу құқығымен жалға беруі және
тікелей сатуы белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Жылжымай-
тын мүлік қоры тұрғын үйлерді жергілікті атқару органдары арқылы
сатады. Ол үшін жергілікті атқару органдарымен тұрғын үйлерді бөлу
жөніндегі ынтымақтастық туралы үлгі келісім жасайды. Жылжымай-
тын мүлік қорының ішкі құжаттарына сәйкес сату бойынша сипат-
тамалары туралы ақпаратты жергілікті атқару органдарына жібереді.
Ақпаратта тұрғын үйлер және коммерциялық үй-жайлардың саны мен
алаңы, ай сайынғы жалдау төлемдерінің мөлшері, сату бағасы, сондай-
ақ пәтерлердің әрбір түрі бойынша сату тәсілі сипатталады. Жергілікті
атқару органдары арқылы сатылатын тұрғын үй-жайлардың тізімдері,
оларға құрылыс аяқталатын күнге дейін кемінде 6 (алты) ай бұрын
жіберіледі.

    Сонымен бірге, тиісті қаржы институттарына Жылжымайтын мү-
лік қорының ішкі қағидаларында айқындалатын жалдау төлемдерінің
ең жоғары сомасын есептеу әдістемесі жіберіледі. Жергілікті атқару
органдары ұсынған тізімдердегі реттік нөмірімен айқындалатын кезек-
ке сәйкес үміткерлерге пәтер таңдау мүмкіндігін бере отырып, оларға
тұрғын үйлерді бекітеді және Жылжымайтын мүлік қорының ішкі
қағидаларында айқындалған тәртіпке сай сатып алу құқығымен жал-
дау немесе сатып алу-сату шарттарын жасайды. Сатып алу құқығымен
жалға берілетін тұрғын үйді бөлу тұрғын үйі жоқ немесе тұрғын
үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж адамдарға басым құқық беру
қағидаты сақтала отырып, жүргізіледі.

    Жылжымайтын мүлік қоры, осы жылжымайтын мүлік қорының
үлестес компаниясы, яғни негізгі компанияға бағынышты еншілес
компаниямен жалдаушының арасында сатып алу құқығымен жалдау
шарты жасалады. Бұл ретте, сатып алу құқығымен жалдау шартында
жалдаушының жекеменшігіне үй-жайды мерзімінен бұрын сатып алу
мүмкіндігі қарастырылады.

    Жеке тұлғалар өздерінің тұрғын үйді сатып алу, оның ішінде са-
тып алу құқығымен жалдау шартындағы құқығын бір реттен асырмай
қолдана алады. Жылжымайтын мүлік қорының сатып алу құқығымен
тұрғын үй-жайларды өткізуі 15 жылға дейін жүзеге асырылады. Жалдау
ақысының мөлшері құрылысты қаржыландыруға бөлінген қаражаттың
қайтарылу және Жылжымайтын мүлік қорының қаржылық тұрақтылық
қағидаттары негізге алына отырып, анықталады. Пәтердің, үй-жайдың
жалпы алаңының 1 шаршы метрін тікелей сатудың базалық құны
Жылжымайтын мүлік қоры өткізетін алғашқы жылы Астана, Алматы,
Атырау, Ақтау қалаларында және қала маңы аймақтарында 180 мың

           44

⇐ МАЗМҰНЫ
   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49