Page 43 - indexf
P. 43

Іріктеу кезінде құрылыс салушының немесе инвестордың қар-
жыландырудағы үлесі көбірек болған жобаларға басымдық беріледі.

    Жергілікті атқару органдары жылжымайтын мүлік қорына тиісті
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіл-
ген немесе қамтамасыз ету жоспарланған жер учаскелерін берген
жағдайда, Жылжымайтын мүлік қоры жобаларды іске асыруға қатысу
үшін құрылыс компанияларын немесе инвесторларды тарта отырып,
талаптарға сәйкес келетін тұрғын үй салуды ұйымдастырады. Бұл рет-
те, Жылжымайтын мүлік қоры құрылыс компанияларын инвесторлар
және жоба бойынша бас мердігерлер ретінде тартуы мүмкін.

    Тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін Жылжымайтын мүлік
қоры нысаналы жедел банк салымдары туралы шарттар жасау арқылы
екінші деңгейдегі банктерге нысаналы депозиттерді орналастыра-
ды. Осыған сәйкес екінші деңгейдегі банктер нысаналы салымның
қаражаты есебінен тұрғын үй объектілерін салу үшін құрылыс
салушыларға кредит беруді жүзеге асырады. Нысаналы депозиттің со-
масын өтеу есебіне, жылжымайтын мүлік қорының меншігіне беріле-
тін тұрғын үй талаптарға сәйкес келуге тиіс.

    Жылжымайтын мүлік қорының екінші деңгейдегі банктерге ны-
саналы депозиттерді орналастыру шарттары мен тәртібі оның ішкі
құжаттамасымен регламенттеледі. Жылжымайтын мүлік қоры, салы-
нып жатқан жылжымайтын мүлік объектілерінде, талаптарға сәйкес
келетін тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатып алуды жүзеге
асырады.

    Жергілікті атқару органдары жобаларды іске асыру үшін жер
учаскелерін қажетті сыртқы инженерлік желілермен және сыртқы
көше-жол инфрақұрылымымен қамтамасыз етеді. Құрылыс аяқталып,
объектілер пайдалануға берілгеннен кейін үй-жайлар жобаға қатысу
үлесіне сәйкес бөлінеді. Сонымен бірге, құрылыс салушыға не-
месе инвесторға, Жылжымайтын мүлік қоры қаржыландырған
коммерциялық үй-жайлар мен машина орындарын еркін бағамен, бірақ
жалпы алаңның 50% аспайтындай етіп өткізу құқығы беріледі. Бұл
ретте, Жылжымайтын мүлік қорына үй-жайдың құны және тиісті шарт
жасалған кездегі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген
қайта қаржыландырудың қолданыстағы ставкасымен кем болмайтын
мөлшерде сыйақы төленеді.

    Жылжымайтын мүлік қоры, салынған инвестицияның сақталуы
мен қайтарымдылығы қағидаттарын басшылыққа ала отырып, объекті
құрылысының барысына тұрақты мониторингті жүзеге асырады.
Жылжымайтын мүлік қорыны тұрғын үйлерді және коммерциялық үй-

           43

⇐ МАЗМҰНЫ
   38   39   40   41   42   43   44   45   46   47   48