Page 45 - indexf
P. 45

теңгеден аспайды, Қазақстан Республикасының өңірлерінде 144 мың
теңгеден аспайды. Одан арғы жылдары тікелей сатудың құны тұрғын
үйдің, пәтердің жалпы алаңының 1 шаршы метрін салу құнының
өзгеруі ескеріле отырып, нақтыланатын болады.

    Жалдаушы сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалдау шарты бо-
йынша өзінің міндеттемелерін толық орындағаннан кейін Жылжы-
майтын мүлік қоры тұрғын үй-жайды жалдаушының жеке меншігіне
беретін болады [36].

4.3 Жылжымайтын мүлік нарығындағы жалға берілетін
тұрғын үй нарығын қалыптастыру мәселелері.

    Ел басы Н. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
Қазақстан халқына жолдауында, тұрғын үй инфрақұрылымдарын
нығайту мәселесі өзекті мәселе ретінде қарастырылып, 2015-2016 жыл-
дар ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға
қосымша 180 миллиард теңге сомасында қаражат бөлінетіндігі
көрсетілген. Бұл жалға берілетін тұрғын үй құрылысын дамытады.

    2030 жылға дейін сату мерзімімен сату, сатып алу құқығы бар жалға
берілетін тұрғын үй салу нарығын одан әрі жетілдіру мақсатында,
Қазақстан Республикасында жаңа «Қазақстандық ипотекалық ком-
паниясы» ипотекалық ұйым» акционерлік қоғамы («ҚИК» ИҰ» АҚ)
қалыптасты. Оны қалыптастырудың негізгі міндеті, осы ипотекалық
ұйымға, сатып алу құқығы бар әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үйді
салу және беруін жүзеге асыруға, мемлекет тарапынан қолдау көрсету
болып табылады. Әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй нарығын да-
мыту үшін мемлекет тарапынан келесі тетіктер ұсынылған:

    1. Қазақстан Республикасының Үкіметі, инженерлік-комму-
никациялық инфрақұрылым жүргізу үшін жергілікті атқарушы
органдарға мақсатты трансферттер бөледі. 2013 жылдан бастап 2020
жылға дейін республикалық қаражат есебінен 122,800 млрд. теңге
мөлшерінде «Қазақстандық ипотекалық компаниясы» ипотекалық
ұйым» акционерлік қоғамын капиталдандыруды жүзеге асырады және
оған облигация шығару үшін 2013 жылдан бастап 2020 жылға дейін
56,504 млрд. теңге мөлшерінде мемлекеттік кепілдік береді.

    2. Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік бағдарламаға
сай «Қазақстандық ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйым»
акционерлік қоғамына салынған инженерлік-коммуникациялық
инфрақұрылымы бар және абаттандырылған жер учаскелерін жалға

           45

⇐ МАЗМҰНЫ
   40   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50