Page 46 - indexf
P. 46

берілетін тұрғын үй салу үшін сондай-ақ қайта қолдану үшін жобалау-
сметалық құжаттаманы береді.

    Онымен ынтымақтастық туралы келісім жасайды, «ҚТҚЖБ желісі
бойынша тұрғын үй», «ҚИК» ИҰ» акционерлік қоғамының тұрғын
үй», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік
қоғамының тұрғын үйі» бағыттары бойынша тұрғын үйлерді бөлу
рәсімдері және Жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй салуына
қойылатын талаптар» кіші бөліміне сәйкес жалға берілетін тұрғын үй
берілуі мүмкін Бағдарламаға қатысушыларды іріктейді және олардың
есебін жүргізеді.

    3. Бағдарламаның шеңберінде қойылған міндеттерді іске асыру
мақсатында «Қазақстандық ипотекалық компаниясы» ипотекалық
ұйым» акционерлік қоғамына қолданыстағы құрылымдық бөлімшенің
базасында төлемдерді автоматтандыру және жүйелендіру жөніндегі
компанияны құрады. Ол – еншілес ұйым деп саналады. Оған әлеуетті
жалға алушылармен жұмыс, жалдау және коммуналдық, пайдалану
шарттарын жасау, жалдау, коммуналдық, пайдалану төлемдерін және
ипотека бойынша ағымдағы операцияларға қызмет көрсетуге байланыс-
ты төлемдерді жүйелендіру, сондай-ақ ақша ағымдарының толықтығы
мен уақтылылығын қамтамасыз ету бойынша функциялар берілетін
болады. Көрсетілген еншілес ұйым өз кезегінде мамандандырылған
тұрғын-үй құрылыс компаниясын құрады, ол тәуелді ұйым деп атала-
ды. Оның атқаратын қызметіне қажетті тендерлерді өткізу, Қазақстан
Республикасы Өңірлік даму министрлігімен қатар құрылыстың бар-
лық сатылары бойынша техникалық қадағалау және жалға берілетін
тұрғын үйді қабылдап алу мен енгізу, ал ол аяқталғанда «ҚИК» ИҰ»
акционерлік қоғамына тапсыруды қамтамасыз ету кіреді. Осы еншілес
және тәуелді ұйымдар оның қызметінің айқындылығын қамтамасыз
ету үшін және кейіннен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында
«ҚИК» ИҰ» акционерлік қоғамы құрылымынан бөліну мүмкіндігімен
акционерлік қоғам немесе жауапкершілігі шектеулі серіктес түрінде
құрылады.

    Бұл ретте «Қазақстандық ипотекалық компаниясы» ипотекалық
ұйым» акционерлік қоғамын және оның еншілес және тәуелді ұйым-
дары арасындағы өзара қарым-қатынас жеке келісімдердің, оның ішінде
мүлікті сенімгерлікпен басқару шарттарының негізінде қамтамасыз
етіледі. Еншілес және тәуелді ұйымдар шеккен шығындардың жалпы
сомасы Бағдарламада көзделген сомалардың шегінде жалға берілетін
тұрғын үйдің өзіндік құнына жатқызылады.

    «ҚИК» ИҰ» акционерлік қоғамы және оның еншілес, тәуелді

           46

⇐ МАЗМҰНЫ
   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51