Page 47 - indexf
P. 47

ұйымдары сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй салған кез-
де:

    1) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және оның мемлекет-
тік сараптамасын жүргізуге тендер өткізеді;

    2) құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге, мердігерлік құрылыс-
монтаж ұйымдарын анықтауға тендер өткізеді.

    3) өткізілген тендерлердің қорытындылары бойынша жалға
берілетін тұрғын үй салуға мердігерлермен тиісті шарттар жасайды;

    4) мердігерлердің есебінен транш түрінде қаражат бөлу арқылы
жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысын қаржыландырады;

    5) жалға берілетін тұрғын үй құрылысының барысын және
кезеңдерін бақылайды;

    6) бағдарламаны іске асыру барысында пайда болатын өзге іс-
шараларды жүзеге асырады.

    Бағдарламаның шеңберінде қойылған міндеттерді іске асыру
мақсатында «ҚИК» ИҰ» акционерлік қоғамы жайлылығы 3 және
4-сыныпқа сай келетін тұрғын үй құрылыс объектілерін, дайын тұрғын
үйлерді әрі қарай сатып алу құқығымен жалға беру үшін үшінші
тұлғалардан сатып ала алады.

    «ҚИК» ИҰ» акционерлік қоғамы және оған тәуелді ұйымдар жеке
инвесторлармен бірлесіп, тұрғын үйдің құрылысын қаржыландыруға
қатыса алады.

    «ҚИК» ИҰ» акционерлік қоғамы объектілерді жобалау кезінде
жапсарлас салынған коммерциялық алаңдар мен қосымша қабаттарды
көздей алады. Коммерциялық алаңдар мен қосымша қабаттардың
құрылысын қаржыландыруды инвестор дербес жүргізеді. Құрылыс
аяқталғаннан кейін құрылыс объектілерін пайдалануға беру және
құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеу жергілікті атқару органдары
мен Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің қатысуы-
мен жүргізіледі.

    Жергілікті атқару органдары төлем қабілетін бағалау үшін
іріктеуден өткен Бағдарламаға қатысушылардың тізімін «Қазақстан-
дық ипотекалық компания» ипотекалық ұйым» акционерлік қоғамына
жолдайды. Бағдарламаға қатысушылардың төлем қабілеттілігі тиісті
құжаттар негізінде анықталады.

    «ҚИК» ИҰ» акционерлік қоғамы жергілікті атқарушы органдар
жалға берілетін тұрғын үйді бөлгеннен кейін және бекітілген тізімдерін
ұсынғаннан кейін бағдарламаға қатысушылармен сатып алу құқығы
бар жалдау шарттарын жасайды және жалдау шарттарын мемлекеттік
тіркеуге байланысты тиісті іс-шараларды жүргізеді. Сонымен бірге

           47

⇐ МАЗМҰНЫ
   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52