Page 48 - indexf
P. 48

6 айлық жалдау төлемінің мөлшеріне тең келетін бастапқы кепілдік
жарнаны енгізуді қамтамасыз етеді. Сақтандыру ұйымдары арқылы
жалдау сомасын төлемеу тәуекелін сақтандыруды қамтамасыз етеді.
Жалдаушы жалға алу шарты бойынша өз міндеттемелерін орындаған
жағдайда жалға берілетін тұрғын үй оның меншігіне өтеді.

    «ҚИК» ИҰ» акционерлік қоғамы инвесторлардың шектелмеген
тобының арасындағы сыртқы және ішкі қор нарығында қамтамасыз
етілген облигацияларды, оның ішінде мемлекеттік кепілдігі бар,
секьюритилендірілген облигацияларды орналастыру арқылы жеке ин-
вестицияларды, халықаралық қаржы институттарының қарыздарын
және исламдық қаржыландыру құралдарын тартады. 2015-2030 жыл-
дар аралығында жалпы сомасы 1 080,456 млрд. теңге, оның ішінде:
2015-2020 жылдары – 318,452 млрд. теңге және 2021-2030 жыл-
дары – 762,004 млрд. теңге болатын жеке инвестицияларды тарту
жоспарланған.

    Қазақстан Республикасының Үкіметі, «ҚИК» ИҰ» акционерлік
қоғамының 2021-2030 жылдарға арналған сатып алу құқығы бар
әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасының тетігін әрі
қарай іске асыру үшін келесі іс-шараларды жоспарлаған, олар:

    ●● 2021 жылдан бастап 2030 жылға дейін республикалық бюджет-
         тің есебінен 167,160 млрд. теңге мөлшерінде капиталдандыруға;

    ●● 2021 жылдан бастап 2030 жылға дейін облигация шығару үшін
         87,655 млрд. теңге көлемінде мемлекеттік кепілдік беруге бай-
         ланысты.

    «ҚИК» ИҰ» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын тол-
тыру және жеке инвестицияларды тарту арқылы 2013-2030 жылдары
Бағдарламаның аталған тетігіне қаржылық құйылымдардың жалпы
сомасы 1 370,417 млрд. теңгені, оның ішінде 2013-2020 жылдары –
441,253 млрд. теңгені, 2021-2030 жылдары – 929, 164 млрд. теңгені
құрайды.

    Сатып алу құқығымен жалдау мынадай негізгі шарттарды көздейді:
    1) сатып алу құқығы бар жалдау шартының мерзімі 15 жылды
құрайды. Кіріс жеткіліксіз болған жағдайда, жетім балалар мен ата-
анасының қамқорлығынсыз қалған, жасы жиырма тоғызға толмаған,
кәмелет жасына толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар үшін
сатып алу құқығы бар жалдау шартының мерзімі 15 жылдан 30 жылға
дейін болуы мүмкін;
    2) қоныстанған кезде ең аз бастапқы жарна 6 айлық жалдау
төлемінің мөлшерінде;
    3) «ҚИК ИҰ» акционерлік қоғамының және оның еншілес, тәуелді

           48

⇐ МАЗМҰНЫ
   43   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53