Page 49 - indexf
P. 49

ұйымдарының келісімімен сатып алу құқығы бар жалға алу құқығын
үшінші тұлғаға беру мүмкіндігі;

    4) ағымдағы қаржылық жағдайға байланысты үлкен/шағын алаңы
бар жалға берілетін тұрғын үйге қоныстану мүмкіндігі;

    5) ай сайынғы жалдау төлемдерінің қалған сомасына тең келетін
қалдық құны бойынша 10 жыл жалдау мерзімі өткеннен кейін жалға
берілген тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі;

    6) кірісі жеткілікті болмаған жағдайда қосымша жалдаушыларды
тарту мүмкіндігі.

    Жалға берілетін тұрғын үйдің таза әрленген 1 шаршы метрін сату
бағасы, инженерлік желілердің құнын және өңірдің сейсмикалығын
есептемегенде төмендегідей деңгейде болады деп жобаланған:

    ♦♦ Астана және Алматы қалаларында жайлылығы 4-сыныпты
         үйлер 120 мың теңгеге дейін, Атырау, Өскемен және Ақтау
         қалаларында – 115 мың теңгеге дейін, қалған өңірлерде – 110
         мың теңгеге дейін;

    ♦♦ Астана және Алматы қалаларында жайлылығы 3-сыныпты
         үйлер – 140 мың теңгеге дейін, Атырау, Өскемен және Ақтау
         қалаларында – 125 мың теңгеге дейін, қалған өңірлерде – 120
         мың теңгеге дейін құрайтын болады.

    Алматы қаласының шекарасына іргелес Алматы облысының
аумағында қала құрылысын ерекше реттеу аймағында таза әрленген
тұрғын үйдің 1 шаршы метрі үшін баға Алматы қаласы бойынша
жайлылығы 3 және 4-сыныпты тұрғын үйдің бағасы сияқты көзделеді.
Қала құрылысын ерекше реттеу аймағы «Алматы қаласының қала
маңы аймағының бас жоспары туралы (Аумақтардың қала құрылысын
жоспарлаудың кешенді схемасы)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2010 жылғы 22 қазандағы №1097 қаулысымен айқындалған.

    Жоғары сейсмикалы аудандар үшін тұрғын үйдің бір шаршы метрін
салу құнына келесі түзету коэффициенттері қолданылады:

    1) 10 балл – 1,27;
    2) 9 балл – 1,22;
    3) 8 балл – 1,16;
    4) 7 балл – 1,1.
    Өңірлер бойынша пәтердің жалпы алаңының бір шаршы метрінің
түпкілікті құны тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттамасына
Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысының негізінде белгіленеді.
    Сатып алу құқығымен жалға беру шартының қолданылу кезеңінде,
жалға берілген тұрғын үй бойынша коммуналдық және пайдалану
қызметтеріне ақы төлеуді, жалға алушылар, Қазақстан Республикасы-

           49

⇐ МАЗМҰНЫ
   44   45   46   47   48   49   50   51   52   53   54