Page 72 - indexf
P. 72

–– объектіні өткізу, пайдалануға тапсыру, инвестициялық қара-
    жаттарды қайтару, кредиторлармен есептесу.

    Қазіргі заманғы экономикалық сөздікте деволопмент (ағылш.
development – даму) – объектілердің құнын арттыру және өзгермелі
жағдайларды есепке алу, тәуекелді бағалау, даму мүмкіндіктерін пайда-
лану, капиталды ұтымды салу арқылы табысты арттыруға бағытталған
бизнесті, жылжымайтын мүлікті, құрылысты басқару.

    Деволопмент немесе жылжымайтын мүлік деволопменті – бұл
нақты бар ғимаратты, жер учаскесін өзгерту немесе реконструкция-
лауға байланысты олардың құнын арттыратын кез келген кәсіпкерлік
қызмет.

    Осы анықтамамен байланысты, деволопментің келесі анықтамасы
бар, ол – деволопмент үдерісін ұйымдастыруға байланысты кәсіби
қызмет. Тәжірибе жүзінде аталған терминдердің екі нұсқасы да
қолданылады: жылжымайтын мүлік девелопменті (ағылшын тілінде-
гіге ұқсас real estate development) және сол мағынаны білдіретін
қысқаша нұсқасы – девелопмент.

    Девелопменттің екі түрі бар, олар девелопердің жобада қаржылық
жағынан қатысу формасы бойынша ерекшеленеді:

    1.  Fee-девелопмент: мұнда девелопер орындаушы болып сана-
лады да, қаржылық жағынан тәуекел етпейді, тек өз жұмысына
белгіленген қаламақы алады. Фи-девелопер инвестормен келісім
бойынша қаламақыға жұмыс істейді. Осы модель бойынша Инвес-
тор Фи-девелоперді Инвестордың жер учаскесін немесе оның қазіргі
кезеңде бар жылжымайтын мүлік объектісін неғұрлым тиімді пайда-
лану жолдарын ұсынуы үшін жалдайды. Инвестор Фи-девелоперді
белгіленген жылжымайтын мүлік объектісін толығымен салып бітіріп,
Инвесторға одан әрі пайдалануға, сатуға әлде басқалай түрде қолдануға
тапсыру үшін жалдайды.

    2. Speculative-девелопмент: мұнда девелопер жобаның баста-
машысы рөлінде көрінеді де, жобаның іске аспай қалуына байла-
нысты барлық тәуекелді өзіне алады. Мұның өзі, осы жағдайда
девелопердің, fee-development-ке қарағанда, міндеті күрделі екендігін
көрсетеді. Екінші үлгіде девелопер жобаны ұйымдастырушы ретінде
жылжымайтын мүлікті қалыптастырады. Мәні бойынша девелопер
бірінші үлгідегідей барлық атқарымды орындайды, бірақ сонымен
бірге жобаның қаржылық тәсімін қалыптастырады. Аталған жоба-
ны девелопер өз қаражатынан қаржыландырады, ол инвестициялық
жобаның минималды алғашқы капиталы да болуы мүмкін. Ірі деве-

           72

⇐ МАЗМҰНЫ
   67   68   69   70   71   72   73   74   75   76   77