Page 73 - indexf
P. 73

лопер жобаларының қаржылық тәсімі – деволепердің жеке қаражаты,
тартылған инвестициялар, банк несиелері және болашақтағы меншік
иелері немесе жалға алушылар қаражатынан тұратын күрделі комби-
нация болуы мүмкін.

    Speculative-девелопмент операцияларының пайдалылық деңгейі
девелопер жұмыс істейтін мемлекеттер нарығындағы жобалардың
тәуекел деңгейімен түсіндіріледі. Мамандардың зерттеу нәтижелері
бойынша девелопменттің мұндай түрі жылжымайтын мүлік
нарығындағы мүмкін болатын барлық операциялардың ішіндегі ең
күрделілерінің бірі болып табылады. Өйткені бір жобада риэлторлық,
құрылыс, архитектура, күрделі қаржы операциялары қатарынан орын-
далады. Сонымен қатар, девелопер заң және заңнама базасынан өте
жақсы хабардар болуы, экономикалық саясат үдерістерін толығымен
түсіне білуі қажеттілік болып саналады.

    Дамыту мақсатында девелопер қызметі бағытталған жылжымай-
тын мүлік объектісінің түріне байланысты, девелопменттің бірнеше
түрі бөлінеді:

    • тұрғын үй жылжымайтын мүлік девелопменті;
    • коммерциялық жылжымайтын мүлік девелопменті;	
    • өнеркәсіп жылжымайтын мүлік девелопменті;
    • қала сыртындағы жылжымайтын мүлік девелопменті;
    • ленд-девелопмент, бұл мекен ету ортасын қалыптастыру,
учаскелердің өтімділігін арттыру және олардың инвестициялық
тартымдылығын арттыру.
    Девелопмент, жылжымайтын мүлік объектілерінің түрлеріне, яғни
кісі тұратын таңдаулы жылжымайтын мүлік, бизнес-классты жылжы-
майтын мүлік, үнем класты жылжымайтын мүлік және т.б. бөлінеді.
Жылжымайтын мүлікті дамыту жобасы жалпы түрде үш негізгі кезеңге
бөлінеді. Олар жобаны жылжымайтын мүлікті қалыптастыру үдерісі
ретінде сипаттайды: концептуалды, ұйымдастыру-жобалық, құрылыс
кезеңдері.
    С. Максимовтың [62] көзқарасы бойынша британ мамандарының
еңбектерінде жарияланған жылжымайтын мүлікті дамыту тәсілдері
әбден егжей-тегжейлі зерттелген болып табылады. Ол бойынша жыл-
жымайтын мүлікті дамыту жобаларының негізгі бес кезеңі бөлінеді.
    1. Концепцияны жасау және жобаны алдын ала қарау:
    ►► девелопменттің мақсаттарын, жобаның жалпы көрінісін және

         оған қол жеткізу алгоритмін алдын ала жоспарлау;

    ►► жобаның негізгі міндеттерін және девелопменттің оны жүзеге

         асыру стратегиясын анықтау;

           73

⇐ МАЗМҰНЫ
   68   69   70   71   72   73   74   75   76   77   78