Page 75 - indexf
P. 75

көрінеді. Даму жобаларының тікелей бюджеттік тиімділігі, деволоп-
мент жобаларын іске асыру барысында тікелей туындайтын төлемдер
мен салықтардан көрінеді. Бюджет табыстарына: құрылыс салу
құқығы төлемдері, жер учаскелерін жалға алу төлемдері, құрылыс са-
лушылар мен инвесторлардың пайдасынан салық төлемдері, жобаны
жүзеге асыру мақсатында қамтылған қызметкерлердің еңбек ақысынан
салықтар және т.б. жатады.

    Жанама бюджеттік тиімділік – жобаны жүзеге асыру барысын-
да бюджетке алынатын табыстар немесе бюджет үнемі: меншік
салығы, жер салығы, кәсіпорын пайдасынан алынатын салықтар,
халықты жұмысқа тартуды арттыруға қатысты үнем және олардың
табыстарының артуына байланысты бюджет үнемі.

    Деволопменттің әлеуметтік тиімділігі, жылжымайтын мүлік
қорындағы өзгерістер негізінде халықтың тұратын ортасын және
тіршілік әрекетін, халықтың өмір сапасын жақсартудан көрінеді.

    Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлік мәселесі
маңызды болып табылады. Тұрғын үй бағасының өсуі, нарықтан
сауданың кіші формаларының ығыстырылуы, А және Б класты кеңсе
ғимараттарының қажеттілігі, нарықтағы девелоперлік қызметті
мемлекет және үкімет тарапынан реттеу қажеттілігін туындатады.
Инвестициялық құрылыс саласын реттеу мақсатында, Қазақстан Рес-
публикасында деволопментті мемлекет тарапынан қолдау және рет-
теу мысалы ретінде «Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамының
қызметін көрсетуге болады.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдеде бекіт-
кен «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республика-
сы Ұлттық Банкінің Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық
мамандандырылған көрмесіне арналған жылжымайтын мүлік және
сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландыру, басқару,
құрылысын салу және сату үшін шараларды қамтамасыз ету жөніндегі
бірлескен іс-қимыл жоспары» қабылданды [61].

    Бұл жоспар Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 халықаралық
мамандандырылған көрмесі аумағында жылжымайтын мүлік, ма-
шина орындарын қоса алғанда, тұрғын үйдің жалпы алаңының ажы-
рамас бөлігі болып табылатын тұрғын және тұрғын емес үй-жайлар
және сауда ойын-сауық орталығының объектілерін қаржыландырудың,
басқарудың, құрылысын салудың және сатудың негізгі шарттарын
айқындау мақсатында қабылданған.

    Аталған объектілердің құрылысын қаржыландыру үшін қаражат
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан «Бәйтерек» ҰБХ»

акционерлік қоғамына бөлінеді.

           75

⇐ МАЗМҰНЫ
   70   71   72   73   74   75   76   77   78   79   80