Page 76 - indexf
P. 76

«Бәйтерек» ҰБХ» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің 2014 жылғы 11 маусымдағы
№01-7.7 шешіміне сәйкес, келесі тұрғын үй бойынша жобалау компа-
ниялары – «Люкс недвижимость Group», «BI Group Corporation» және
«Mega Plaza» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерін қаржыландыру
үшін «Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамына қаражаттың
бөлінуін қамтамасыз етеді.

    «Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамы тұрғын үй және сау-
да ойын-сауық орталығының құрылысы бойынша жобалау компания-
ларымен инвестициялау шарттарының жасалуын қамтамасыз етеді.
Инвестициялау шарттарының кейінгі талаптарын «Бәйтерек девелоп-
мент» акционерлік қоғамы айқындайды және ол талаптар, Қазақстан
Республикасының Ұлттық қоры қаражатының қайтарымдылығы шара-
ларын қамтамасыз ету мақсатында, тұрғын үй және сауда ойын-сауық
орталығының объектілері құрылысы бойынша жобалау компаниялары
үшін міндетті болып табылады.

    Көрсетілген компаниялар аванстық төлемді, сақтандыру шартта-
рын берген жағдайда, оларға инвестициялаудың жалпы сомасының
20%-дан аспайтын мөлшерде аванстық төлемі беріледі.

    Бұл ретте аванстық төлемді сақтандыру шарты бөлінген қаражат
мақсатсыз пайдаланылған және инвестициялау шарты бұзылған
жағдайларда, сақтандыру сомасын төлеу жөніндегі сақтандыру
компаниясының сөзсіз міндеттемесін көздейді.

    Құрылысты кейіннен қаржыландыру, тұрғын үй және сауда ойын-
сауық орталығы объектілері бойынша жобалау компанияларының
жұмыстары мен көрсетілген қызметтерінің нақты орындалуына қарай
жүзеге асырылады.

    Жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығы
объектілерінің құрылысы, оның ішінде құрылыс құнының қымбаттауы
жөніндегі барлық тәуекелдер тиісінше тұрғын үй және ойын-сауық
орталығы объектілері бойынша жобалау компанияларына жүктеледі.
Жобалау компаниялары техникалық қадағалауды және қаражаттың
мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету үшін «Бәйтерек
девелопмент» АҚ айқындаған мамандандырылған компанияны тарта-
ды.

    «Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамы, жобалау компания-
ларына бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына және олардың
құрылыс жөніндегі міндеттемелерін уақтылы орындауына және
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалануына

           76

⇐ МАЗМҰНЫ
   71   72   73   74   75   76   77   78   79   80   81