Page 77 - indexf
P. 77

байланысты ақпаратты, кез келген уәкілетті мемлекеттік органдар мен
ұйымдарға беруіне мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді.

    Жобалау компаниялары, «Бәйтерек девелопмент» акционерлік
қоғамына, қаражаттың игерілуі және құрылыс бойынша міндет-
темелердің орындалуы туралы есептерді белгіленген нысан бойынша
және мерзімде жібереді.

    Тұрғын үй және сауда ойын-сауық орталығы объектілері бойын-
ша жобалау компаниялары меншікті қаражаты есебінен белгіленген
тәртіппен нормативтік мерзімдерге сәйкес мемлекеттік сараптаманың
қорытындысын ала отырып, сарапшылық сүйемелдеу режимінде
жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейді.

    Жобалау компаниялары «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компания-
сы» акционерлік қоғамымен белгіленген тәртіппен, жер учаскелерін,
тұрғын үй және сауда ойын-сауық орталығы объектілері бойынша
жобалау компанияларының меншігіне, төлемді бөліп төлеу арқылы
ақылы беру және жылжымайтын мүлік объектілеріне, іргелес аумаққа,
әрлеуге қолданылатын технологиялар мен жабдықтарға қойылатын та-
лаптар жөніндегі мәселені пысықтайды.

    Тұрғын үй және сауда ойын-сауық орталығы объектілері бойын-
ша жобалау компаниялары үшін құрылыс және бөлінетін қаражатты
мақсатты пайдалану жөніндегі міндеттемелерін уақтылы орындау
критерийлері төмендегідей:

    1) жылжымайтын мүлік және сауда ойын-сауық орталығы
объектілерінің 2016 жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірмейтін мерзімде
пайдалануға берілуін қамтамасыз ету;

    2) жобалау компанияларын техникалық қадағалау және қаражаттың
мақсатты пайдаланылуын бақылау үшін жауапты мамандандырылған
компания растаған құрылыс-монтаж жұмыстарын уақтылы орындауы;

    3) техникалық қадағалау және қаражаттың мақсатты пайдала-
нылуын бақылау үшін жауапты мамандандырылған компанияның
орындалған жұмыстардың құнын растауы бар қаражаттың мақсатты
пайдаланылуын қамтамасыз ету;

    4) нормативтік мерзімдерге сәйкес мемлекеттік сараптаманың
қорытындысын ала отырып, ЖСҚ беруді қамтамасыз ету;

    5) міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде: жер
учаскелерін; тұрғын үй және сауда ойын-сауық орталығы объектілері
бойынша жобалау компанияларының жарғылық капиталындағы
қатысушылардың қатысу үлестерінің 100%-ын және аяқталмаған
құрылыс объектілерін беру болып табылады.

    Аталған жобалау компаниялары құрылыс жөніндегі міндеттемеле-

           77

⇐ МАЗМҰНЫ
   72   73   74   75   76   77   78   79   80   81   82