Page 78 - indexf
P. 78

рін уақтылы орындамаған немесе бөлінген қаражатты мақсатсыз
пайдаланған, сондай-ақ «Бәйтерек девелопмент» акционерлік қоғамы
және жобалау компаниялары арасындағы инвестициялау шарттарын-
да көзделген жағдайлар туындаған жағдайда, «Бәйтерек девелопмент»
акционерлік қоғамы, бұл инвестициялау шарттарын мерзімінен бұрын
бұзады және тұрғын үй мен сауда ойын-сауық орталығы объектілері бо-
йынша жобалау компанияларының мақсатсыз пайдаланған қаражатты
қайтаруын қамтамасыз етеді [61].

    6.2 Риэлторлық қызметтің мәні және негізгі бағыттары

    Қазақстан Республикасында риэлторлық қызмет «Жылжымай-
тын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы
26 шілдедегі, «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі тура-
лы» 2000 жылғы 30 қарашадағы, «Мүлікті бағалау (зияткерлік меншік
объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және
зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау
жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарды бекіту туралы»
2007 жылғы 25 мамырдағы, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997
жылғы 16 сәуірдегі және тағы басқа Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

    Риэлторлық қызмет риэлторлық қызмет көрсету саласындағы
кәсіпкерлік қызмет болып табылады. Риэлторлық қызмет көрсету
Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық
келісімдердің және басқа да қозғалмайтын мүлік объектілер
операцияларының жасалуы кезіндегі тұтынушыға ұсынылатын
қызметтер.

    Риэлторлық қызметтің екі түрі бар. Оның бірі – жылжымайтын
мүлік агенттіктері, олар нарықта заңды тұлға ретінде жұмыс істейді.
Қоластында бірнеше маманы да болады және дербес делдалдық қызмет
көрсететіндер де бар. Олардың тұрақты мекенжайы болмайды.

    Риэлторлық қызмет көрсету түрлері:
   –– тұтынушының қалауы бойынша жылжымайтын мүлік нары-

       ғының қазіргі жағдайы, жылжымайтын мүлік объектілері туралы
       мәліметтер беру;
   –– тапсырыс берушінің сұранысына байланысты жылжымайтын
       мүлікті таңдау, оны сату;
   –– жылжымайтын мүлік объектілерінің алғашқы бағасымен келісу;

           78

⇐ МАЗМҰНЫ
   73   74   75   76   77   78   79   80   81   82   83