Page 31 - index
P. 31

ұрықтануды 1898 жылы орыс ботанигі С.Г.Навашин, ал эндосперм-
нің триплоидты табиғатын 1915 жылы оның баласы М. С. Навашин
ашқан.

    Партеногенез. Сонымен қатар жынысты көбеюдің «дұрыс емес
жолы» бар. Мұндай жолды партеногенез (грек. партенос – қыз) деп
атайды. Оның мәні – сперматозоидтың қатысуынсыз, ұрықтанба-
ған аналық жыныс жасушасынан жаңа организмнің түзілуі. Парте-
ногенез араларда, сонада, шіркейлерде, кейбір шаян тәрізділерде
кездеседі. Дафниялар мен шіркейлердің жылдың көп бөлігінде (көк-
тем, жаз, күздің басында) көбеюі тек партеногенез жолымен өтеді
және ұрықтанбаған жұмыртқа жасушаларынан партеногенетика-
лық аналықтар дамиды. Аталықтары тек күзде ғана пайда болады
да, қыста ұрықтану жүреді. Ұрықтанған жұмыртқалар қыстап шыға-
ды да, көктемде олардан тек партеногенез жолымен дами алатын
аналықтар қайта дамиды.

    Аралардың ұрықтанбаған жұмыртқа жасушаларынан тек ата-
лықтары дамиды. Ал ұрықтанған жұмыртқа жасушаларынан ана-
лықтары дамиды және жетілмеген аналықтары (жұмысшы аралар)
дамиды. Партеногенездің көпшілік жағдайында жұмыртқаның түзі-
луі кезінде мейоз жүрмейді. Ал жұмыртқа диплоидты болады. Ара-
лардың жұмыртқа жасушаларында мейоз үдерісі жүреді, олардың
жұмыртқасы гаплоидты болады. Олардан дамыған аталықтарда
да хромосома жиынтығы гаплоидты. Бірақ та олардың жыныс жа-
сушалары – сперматозоидтері түзілгенде, мейоз жүрмейді және жы-
ныс жасушалары организмдегідей гаплоидты болады.

                              Бақылау сұрақтары
    1.	Мейоз дегеніміз не?
    2.	Мейоздың кезеңдерін атаңдар.
    3.	Кроссинговер, оның қандай маңызы бар?
    4.	Конъюгация дегеніміз не?
    5.	Митоз бен мейоздың ұқсастығы мен айырмашылығын мы-
салдар келтіре отырып түсіндіріңдер.
    6.	Мейоздың биологиялық маңызын түсіндіріңдер. Жынысты кө-
беюдің жыныссыз көбеюден қандай айырмашылығы бар?
    7.	Немересінің әке жағынан келетін әжесінен барлық 23 хромо-
соманы тұқым қуалап алуы мүмкін бе?
    8.	Нағашы әжесінің барлық 23 хромосомасы немересіне берілуі
мүмкін бе?

           31

⇐ МАЗМҰНЫ
   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36