Page 37 - index
P. 37

2. Цитоплазманы бекіткіштер (Флеминг фиксаторы, Герман фик-
саторы және басқалары).

    3. Жасушаның органоидтарын бекіткіштер (Левитский фиксато-
ры және басқалары).

    Цитологиялық және эмбриологиялық зерттеулерде көбіне, ядро-
лық фиксаторлармен жұмыс істейтіндіктен олардың құрамында
спирт, сірке қышқылы, хром қышқылы, формалин, осмий қышқылы,
пропион қышқылы, диоксан, пикрин қышқылы болады.

    Еріткішке байланысты бекіткіштер сулы (мысалы, Навашин
және Модиевскийдің фиксаторлары) және спиртті (мысалы, Карнуа
және Чемберлин фиксаторлары) болып бөлінеді. Сулы бекіткіш-
тер өсімдіктер жасушаларына жай, біртіндеп енетіндіктен оларда
30 минуттан 12 сағатқа дейін ұстайды. Спиртті бекіткіштер сулы-
ға қарағанда жасушаға тез енеді, мөлшері үлкен материалдарға
қолданады.

    Практикада жиі қолданатын бекіткіштер
    1. Навашин фиксаторы. Өсімдіктердің тамыр меристемалық жа-
сушаларындағы хромосомдарды және ұзақ эмбрионалдық нысан-
дарды бекіту үшін қолданады. Материалды бекіткіште 24 сағат бо-
йы қараңғыда ұстайды. Бекіткіштің құрамы (10:4:1):
    -- хром қышқылының 1% ерітіндісі – 10 бөлігі;
    -- формалиннің 16% ерітіндісі – 4 бөлігі;
    -- мұзды сірке қышқылы – 1 бөлігі.
    Фиксаторды пайдаланар алдында дайындайды, себебі тез уа-
қыт аралығында бұзыла бастайды (Формалин хром қышқылын то-
тықтырады). Бұл фиксатор хромосомдарға жұмсақ әсер етіп, құры-
лымын сақтайды.
    2. Модилевский фиксаторы эмбриональдық зерттеулерде қолда-
нылады. Материалды бекіткіште 24 сағат бойы ұстайды. Бекіткіш-
тің құрамы (9:2:2:2):
    -- хром қышқылының 1% ерітіндісі – 9 бөлігі;
    -- формалиннің 16% ерітіндісі – 2 бөлігі;
    -- екі хром қышқыл калийдің 5 % ерітіндісі – 2 бөлігі;
    -- сірке қышқылының 5 % ерітіндісі – 2 бөлігі.
    Әсер ету қасиеті жағынан Навашин фиксаторына ұқсас.
    3. Карнуа фиксаторын цитологиялық-эмбриональдық зерттеулер-
де қолданады. Материалды бекіткіште 2 сағаттан 24 сағат бойына
ұстайды. Бекіткіштің құрамы:
    -- 96% немесе 100% спирт – 6 бөлігі (6:3:1);

           37

⇐ МАЗМҰНЫ
   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42