Page 32 - index
P. 32

9.	Егер бастапқы клеткада 14 хромосома болса, редукциялық
бөлінудің анафазасында әр полюсте қанша хромосомадан болады?

    10.	 Егер клеткада 28 хромосома болса, эквациялық бөлінудің
(ІІ мейоздық бөліну) анафаза сатысында қарама-қарсы полюстерге
қанша хроматидтен орналасады?

    11.	 Егер 2 n 14-ке, 28-ге тең болса, клеткада қанша бивалент-
тер түзілуі мүмкін?

    12.	 Бір хромосоманың элиминациясы (жойылуы) нәтижесінде
мейозға ХО типті клетка өтеді делік. Мұнда О хромосоманың жоқ
екенін көрсетеді. Сонда мейоз нәтижесінде қандай клеткалар пай-
да болады?

    13.	 Мейоз нәтижесінде бір клеткадан біріне-бірі өте ұқсас төрт
клетка түзіледі деп айтуға бола ма? Осыны түсіндіріп беріңіз.

    14.	 І мейоздың профазасындағы қандай екі саты оларда өтетін
үдерістер бойынша біріне-бірі қарама-қарсы болып келеді?

    15.	 Егер диплоидты клеткада 8 хромосома болса, мейоз ке-
зінде гомологты хромосомалардың бір жұбы бірімен-бірі бөлім
алмастырса, сонда мейоз нәтижесінде клеткалардың қанша типі
түзіледі (клеткадағы хромосо малардың сапалық құрылымы бо-
йынша)? Осы айтылған үдерістің схемасын сызып, суретке тұрқы
бірдей гомологты хромосомаларды көрсетіңіздер, ал аталық және
аналық хромосомаларды түрлі түспен бояңыздар.

    16.	 Мейоздың генетикалық мәні неде?

           32

⇐ МАЗМҰНЫ
   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37