Page 34 - index
P. 34

нәруыз. Гистондар оң зарядталған негіздік нәруыз болғандықтан,
ДНҚ молекуласымен берік байланыс түзеді. Сол себепті олар ДНҚ-
ға өзінің жұмысын атқаруға мүмкіндік бермейді. Гистондардың
реттегіштік қасиеттері осыған негізделген. Сонымен қатар бұл
нәруыздар хромосомалардағы ДНҚ-ның кеңістіктегі ұйымдасуын
қамтамасыз етіп, құрылымдық қызмет атқарады. Ол шиыршық-
талудың (оралымның) күрделенуіне жағдай жасайды.

    Хромосомалар жасуша циклінің кезеңі мен фазаларына бай-
ланысты құрылысын өзгертіп отырады. Интерфазада негіздік бояу-
лармен боялуларына қарай хроматин деп аталатын ядролық құры-
лым түзеді. Жасушаның митозға өтуі кезеңінде, әсіресе, метафа-
зада айқын байқалатын жеке денешіктер хромосомалар түріне ауы-
сады. Хроматин (хромосома) шиыршықталған жіпшелерден тұ-
рады. Хроматиннің бірнеше шиыршықталу (спиральдану) деңгейі
болады. Хроматиннің ұйымдасуының бірінші деңгейі – нуклео-
сомдық жіпше. Ол – ұзын жіп тәрізді құрылым. Нуклеосомдық
жіпше шиыршықталу жолымен, шамамен, 7 есе қысқарып, келесі
бір құрылым – элементарлы хроматиндік фибрилланы құрайды.
Осыдан соң бұл фибрилланың шиыршықталуы күрделеніп, тағы
да 40 есеге қысқарып, интерфазалық хромонеманы түзеді. Одан
әрі қарай шиыршықталудың жоғарғы деңгейінде тағы 5 есе қысқа-
рып, метафазалық хроматид пайда болады. Әрбір организм өзіне
тән жұп хромосома жиынтығынан (диплоидты жиынтық) тұрады.
Ал осы организмдердің жыныс жасушаларында хромосомалар
жиынтығы 2 есе аз, яғни жалғыз (гаплоидты) болады. Мысалы,
дрозофиладағы хромосома саны – 8, арпада – 14, адамда – 46.
Хромосомалық аппараттың кейбір ерекшеліктерін қарастырайық.
Біз жоғарыда қарапайым, жай жасушаның диплоидты хромосо-
малар жиынтығынан тұратынын айтқанбыз. Сонымен, барлық хро-
мосомалар жұп болып топтасқан, ал бір ерекшелігі – аталық жы-
ныстық хромосомалар жұп емес. Жыныстың қалыптасуына жауап
беретін бір жұп емес хромосома Y хромосома, ал қалғандарының
бәрі Х хромосомалар деп аталады. Жұп хромосомалардың мынадай
қызық ерекшелігі бар: әрбір жұптағы бір хромосома міндетті түрде
тұқым қуалау ақпаратын жүзеге асыруға қатысса, ал осы жұптағы
екінші хромосома бүкіл тіршілігі бойында тұқым қуалау ақпара-
тын жүзеге асыруға қатыспайды. Хромосомалар сапасы жағынан
әртүрлі болады. Кейбір жұптағы хромосомалар өзінің тұқым қуа-
лау ақпаратын әрқашан жүзеге асырады. Оларды доминантты

           34

⇐ МАЗМҰНЫ
   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39