Page 36 - index
P. 36

ғалданған сорғыш қағазын салып, Петри табақшасында 20-25 0С
термостатқа өсіреді. Бекітуге ұзындығы 0,8 – 1,5 см өсінділер алады.
Өсінділерді бекіту алдында тәжірибенің мақсатына қарай жақсы
препарат алу үшін өңдеуден өткізеді (2-кесте).

                                                                  2-кесте
Бекіту алдындағы дақылдарды өңдеудің нұсқалары

Заттар    Концентрациясы Өңдеу Температура Дақылдар
                                     уақыты

Мұзды су                       18 сағ.   +2 -4°С   қызанақ

                               24 сағ.   +2 -4°С     бидай,
                                                   тритикале
                                                   қарабидай

                               18-20 са.ғ +2 -4°С  гилия

  ά – β-      Қаныққан         4-9 сағ.  +20°С       бидай,
нафталин  ерітіндісі (100мл                        тритикале
                                                   қарабидай
            суға 1 тамшы
            концентраты)

колхицин   0,05 – 0,2%         2-6 сағ.  +20°С       бидай,
                                                   тритикале
                                                   қарабидай.

8-гидроксои- 2 мм 100 мл суға  2,5 – 4   +17°С     бидай, арпа
                                сағ.
хиналин    0,029 гр

    Жоғарыда көрсетілген заттармен тамыр өсінділерді өңдеп бол-
ғаннан кейін дәкеден жасалған қапшықтарға салып, этикетканы жа-
зып, кранның ағынды суында 15 минут жуады. Өсімдіктерді кол-
хицинмен және ά – β-нафталинмен өңдегенде, барлық жұмыстар
желдеткіші бар шкафта, резина қолғапта және респиратормен іс-
тейді. Материалды бекіткенде өсінділердің ұшынан 5-7 мм кесіп,
фиксатор ерітіндісіне енгізеді. Ұзын хромосомалары бар өсімдік-
тердің өсіндісін бекітудің алдында бір сағат 0,5-1% хлорагидрат ері-
тіндісімен өңдейді, кейіннен бір сағат бойы ағынды суда ұстайды.

    Фиксатордың құрамы және қолдану
    Материалдарды бекіту дегеніміз – жасушалардың тез уақыт ара-
лығында өлуі. Ол үшін зерттелетін материалдардың тірі кезіндегі құ-
рылымын сақтау үшін улы ерітіндіге (бірнеше сағат немесе бірнеше
тәулік бойы) енгізеді. Фиксаторлар (бекіткіштер) үш топқа бөлінеді.
    1. Ядроны немесе ядролық бекіткіштер (Навашин фиксаторы,
Карнуа фиксаторы және басқалары)

                               36

⇐ МАЗМҰНЫ
   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41