Page 33 - index
P. 33

3-жұмыс
                                  Хромосомалар

    Тақырыбы: Хромосомалар
    Мақсаты: Жануарлар мен өсімдіктер хромосомаларының жиын-
тығын анықтау.
    Құрал-жабдықтар: Бидай мен арпа өсімдігінің тамыр мерис-
темалық жасушаларынан жасалынған уақытша препараттар (ана-
фазалық әдіс). Скерда өсімдігінің тамыр меристемасынан жаса-
лынған уақытша препараттар (метафазалық әдіс). Микроскоп,
иммерсиондық май, қарындаш.
    Тапсырмалар:
    1. Оқытушыдан алған тұрақты препаратты микроскоптан қарап,
метафазалық пластинканы табыңыз. Үлкейтіп көрсететін объектив
арқылы хромосомалардың санын және морфологиясын анықтауға
тырысыңыз.
    2. Берілген микросурет бойынша цитогенетикалық талдау жүргі-
зіп, оның қандай организм түрінің кариотипіне жататынын табыңыз.
    3. Хромосомалардың диплоидты санын табу.
    4. Хромосомаларды морфологиясы бойынша топтастыру.
    5. Кариограмма құру және қорытынды жазу.
    Тапсырмаға түсініктеме:
    Хромосома – (грекше «хромо» – бояу, «сома» – дене) клетка
ядросын құрамында болатын арнайы бояулармен боялатын дене.
1888 жылы неміс ғалымы В. Вальдейер «хромосома» деген атты
ұсынған. Хромосома өсімдік және жануарлар клеткасының даму
үдерісін қамтамасыз етеді, тұқым қуалайтын белгілерді, қасиеттер-
ді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырады. Хромосомалардың сыртқы
пішіні клетканың бөлінуінің метафаза және анафаза кезеңдерінде
анық байқалады. Орташа алғанда хромосоманың ұзындығы 0,2-3
мкм.
    Хромосомалар
    Хромосомалар – ДНҚ жіпшелерінен және нәруыздан тұратын
ядроның аса маңызды бөлігі. Хромосома дегеніміз – ДНҚ-ның
жіпшелерінен тұратын созылыңқы тығыз денешік. Хромосома-
ның құрамында ДНҚ, гистон, қышқыл нәруыз және өте аз мөл-
шерде РНҚ болады. ДНҚ тұқым қуалау ақпаратын, жасуша және
организмнің қызмет етуі мен дамуының бағдарламасын сақтайды.
Гистон дегеніміз – хромосомадағы құрылыс қызметін атқаратын

           33

⇐ МАЗМҰНЫ
   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37   38