Page 35 - index
P. 35

хромосомалар деп атайды. Керісінше, доминантты хромосомамен
жұптасып кездескенде, тұқым қуалау ақпаратын әрдайым жүзеге
асырмайтын хромосомалар бар. Олар рецессивті хромосомалар деп
аталады. Осыдан келіп, аллельді гендер деген түсінік қалыптасады.
Аллельді гендер дегеніміз – жұп хромосомалардың тек біреуімен
ғана жүзеге асырылатын гендер. Рецессивті аллельдер тек рецес-
сивті хромосомалар бір жұпқа жұптасқанда ғана байқалады.

    Әр хромосома екі хроматидтен тұрады. Центромера хромосома-
ны екі иыққа бөледі. Хромосомалардың ұштарын теломера дейді.
Жарық микроскопы арқылы хромосоманың құрылымын зерттеген-
де оның жақсы боялатын, күңгірт түсті гетерохроматинді және әлсіз
боялатын, ашық түсті эухроматинді бөлімдерін анықтауға болады.

    Центромераның хромосомаларда орналасуына байланысты
олардың төрт типін көруге болады. Олар:

    1. Метацентрлі. 2. Субметацентрлі. 3. Акроцентрлі. 4.Тело-
центрлі. Атқаратын қызметіне қарай хромосомалар екіге бөлі-
неді: Олар – аутосомалар және жынысты хромосомалар. Жынысты
хромосомалардың өзара және басқа хромосомалардан айырмашы-
лығы бар. Дене клеткаларында әр хромосом жұп түрінде (2n), ал
жыныс клеткаларында, гаметада тақ күйінде (1n) болады.

    Цитологиялық препараттарды дайындау әдістерімен таныстыру,
препараттан суретке түсіру.

    Препараттарды дайындау:
    Зертханалық жұмыстың мақсатына байланысты препараттар тұ-
рақты және уақытша болып бөлінеді. Көбіне, зертханалық жағда-
йында уақытша препараттарды тұрақты препаратқа көшіруге бола-
ды.
    Уақытша препаратты дайындау үш кезеңнен тұрады.
    Анализделінетін материалды фиксациялау (бекіту) – материал-
дарды бекітуге дайындау.
    Цитогенетикалық зерттеулер үшін (хромосомалардың санын,
оның морфологиясын анықтауда) өсімдіктер тамырының жас өсін-
ділері немесе тұқымнан өсіп шыққан басты өсінділер жақсы мате-
риал болып саналады. Олай болу себебі жас өсінділердің мерис-
темалық жасушаларында митотикалық бөліну қарқынды жүреді.
Өсімдіктерді бекітуге дайындаудың мақсаты – сапалы препараттар
алу. Митотикалық жасушалардың хромосома жиынтығын зерттеу
үшін өсімдіктердің пісіп-жетіліп келе жатқан тозаңдарын алады.
Зерттеу нысаны ретінде өніп жатқан тұқымды алғанда оларды ыл-

           35

⇐ МАЗМҰНЫ
   30   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40