Page 53 - index
P. 53

Әрбір студент ата-аналар формалары мен F1, буданының масақ-
тары жапсырылған парақ қағаз алады. Олар фенотипі бойынша
қандай белгі доминантты, қандай рецессивті екенін шешуі керек,
әріптермен және генетикалық бейнелердің көмегімен шағылыстыру
сызбанұсқасын жазу керек, F 2 және F талдаушы шағылыстырудағы
ажыраулардың қандай болатынын алдын ала болжауға тиісті. Онан
соң оқытушы студенттерге F2 және F талдаушы шағылыстыру-
дағы ұрпақтары бойынша ажыраулардың сандық мәндерін береді,
студенттер оған статистикалық Х2 (хи – квадрат) әдісімен талдау
жасайды (осы әдісті 6-жұмыстан қара). нәтижелері бақылаулар
хаттамасына жазылады (1-тәжірибе хаттамасының үлгісін қосым-
шадан қара).

    Бақылаулар хаттамасына тәжірибенің нөмірі, зерттеудің мақса-
ты, тәжірибенің нәтижелері, ол нәтижелерді түсіндіруге қажетті
бастапқы (нөлдік) гипотеза, статистикалық өңдеу, шағылыстыру
сызбанұсқасы мен қорытындылар жазылады. Хаттамалар арнайы
дәптерге енгізіледі.

                              Бақылау сұрақтары
    1.	Мендель ашқан жаңалықтардың мазмұны неде?
    2.	Қарапайым бір белгінің тұқым қуалау заңдылығы қандай?
    3.	Доминанттылық деген не? Доминанттылықтың салыстырма-
лы сипаты неден көрінеді?
    4.	Белгінің доминантты немесе рецессивті екені қалай анықта-
лады?
    5.	Аллель, гомозиготалы, гетерозиготалы, доминантты, рецессив-
ті, локус, гамета, зигота, фенотип, генотип сияқты терминдерді тү-
сіндіріңдер.
    6.	Мендель қалайша гендердің жұптылығы туралы қорытынды-
ға келді?
    7.	Рецессивті белгінің гибридте өзгермеуін және жоғалып кетпе-
уін қалайша дәлелдеуге болады?
    8.	Тетрадалық анализдің мәні неде?

           53

⇐ МАЗМҰНЫ
   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57   58