Page 52 - index
P. 52

мосомаларда екенін көрсетсе, ал  AB  аллельді гендердің екі жұбы
                                 ab

бір жұп гомологты хромосомада екендігін А және В доминантты

гендер бір хромосомада, олардың рецессивті а және в аллельдері

екінші хромосомада екенін көрсетеді (АаВв).

Зерттеу объектілері. Генетикалық зерттелуші объектілерге

қойылатын негізгі талаптар:

1. Айқын көрінетін тұқым қуалайтын белгілердің болуы;

2. Даму циклінің қысқа және көбею мүмкіндігінің зор болуы;

3. Зертханада немесе дала жағдайларында өсірудің қарапайым-

дылығы;

4. Хромосомалар санының аз болуы.

Генетикалық зерттеулер үшін ең қолайлы объектілер – бұр-

шақ, жүгері, арпа, бидай, дрозофила, тышқан, үй қояны, микроор-

ганизмдерден – ішек таяқшасы (E.coli) мен пішен таяқшасы (Bacillus

subtilis), саңырауқұлақтардан – аскомицеттер ашытқы саңырауқұлақ,

нейроспора, бір клеткалы жасыл балдыр хламидоманада, т.б.

Біздің практикумда зерттеу объектілері ретінде бидай мен дро-

зофила қарастырылады.

Бидай едәуір қолайлы, жақсы зерттелген генетикалық объект. Өз-

дігінен тозаңданатын бір үйлі (қос жынысты гүлі болады) өсімдік.

Қазіргі кезеңге дейін жұмсақ бидай хромосомаларының генетика-

лық карталары жасалды. Бидай масағының, дәнінің түсі, қылтық-

тануы, түктілігі, т.б. бидай түршелерін анықтауға пайдаланылады.

Генетикалық анализ үшін осы белгілер алынады.

Практикалық жұмыс. 1. Тәжірибе. Бидайдың бір жұп белгілері-

нің тұқым қуалауын зерттеу (10-сурет).

         10-сурет. Бидайдың бір жұп белгілерінің тұқым қуалауы

                             52

⇐ МАЗМҰНЫ
   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56   57