Page 55 - index
P. 55

11-сурет. Дрозофила шыбыны ♀♂ және мутанттары

    Дрозофиланың аналығы мен аталықтары, әдетте, бір-бірінен
бірқатар морфологиялық белгілері бойынша ажыратылады. Қорек-
тену жағдайларына, әсіресе дернәсілдердің дамуы кезіндегі қоректе-
ну жағдайларына байланысты шыбынның мөлшері күшті өзгеріс-
ке ұшырайды, дегенмен, ұрғашылары еркектерінен ірірек келеді.
Ересек шыбынның ұзындығы 2-3 мм, ұрғашыларының құрсағы
аздап дөңгеленген және артына қарай үшкірленген; аталықтарында
ол цилиндр тәріздес және құрсағының соңғы бірнеше тергидтері
(скелеттік хитин қабықшалары) жаппай пигменттелген қара бола-
ды және соған қарап аталықтарын ұрғашыларынан оңай айырады.
Екінші жыныстық белгілердің қатарына аталықтарында ғана бола-
тын жыныстық жалдар жатады, ол олардың алдыңғы аяқтарының
бірінші буынының табандарында бір қатар болып орналасқан қара
түсті хитин қылшықтары болып табылады.

    Жұмыс тәртібі:
    1.	Арнаулы морилкаларда эфирдің көмегімен шыбындарды
ұйықтатады. Шыбындардың қозғалуы тоқтасымен оларды морил-
кадан пластинка бетіне төгеді және зерттелмекші тұқым қуалай-
тын белгілері қаралады. Шыбындарды қауырсындармен немесе
кистілермен қозғайды. Ұйықтату кезінде шыбындарды өлтіріп
алмауға тырысу керек. Артық эфир иіскеуден өлген шыбындардың
қанаттары тіке жоғары көтеріледі, ондай шыбындардың белгілерін
айыру өте қиынға соғады.
    2.	Бинокуляр микроскопының астында аналықтары мен аталық-
тары қаралады, олардың айырылу белгілерін анықтайды, тергид-
терін санайды, алдыңғы аяқ буындарының табандарынан жыныс
жалдарын табады. Аналығы мен аталықтарының суретін салады.
    3.	Тура және кері шағылыстырулар үшін әр студент нөмерлен-
ген тізбек шыбындар (еркектерін және ұрықтанбаған ұрғашыла-
рын) алады және ата-ана тізбектері қандай белгілері бойынша
ажыратылатынын анықтауға тиіс.

           55

⇐ МАЗМҰНЫ
   50   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60