Page 56 - index
P. 56

4.	Шағылыстыру үшін ішінде қоректік заты бар әрбір орта кө-
лемді пробирканың ішкі қабырғасына екі ұрғашы және екі еркек
(көбірек те салуға болады) шыбын орналастырады. Шағылысуға
қойған кезде ұйқыдағы шыбындар қоректік заттарға түсіп кетпеуін
қадағалау керек, өйткені олар қоректік затқа қанаттарымен жабысып
қалуы мүмкін. 2 пробиркаға тура және кері шағылыстыру қойылады.

    5.	Шағылыстыру қойылған соң пробиркаларды мақтадан жа-
салған тығынмен тыңғылықты жабады және шыбындар оянғанға
дейін пробиркаларды горизонталь бағытта ұстайды. Сонан соң про-
биркаларды вертикаль бағытта қоюға болады.

    6.	Пробиркалар нөмірленеді және оған жасалған шағылысты-
рулар жазылады.

    7.	Ұрпақтарының ата-аналарымен шағылысуын болдырмау үшін
5-7 күннен кейін пробиркалардан ата-аналары шығарылады. Егер
бұл уақытқа дейін шағылысу болмаса, онда шыбындарды жаңа қо-
рекке көшіру және 3-4 күннен кейін оларды пробиркалардан шы-
ғару керек. Көбейтуге жататын шыбындар аз болған жағдайда да
осы әдісті қолдануға болады. Егер қорек сұйық болып кетсе, сүлгі
қағаздан гармоника жасап, оны пробиркалардың қабырғасына са-
лып қою керек.

    8.	Ұрпаққа анализ жасалады.
    9.	Егер пробиркада зең пайда болса, пробирканы ашпайды және
ондағы шыбындарға анализ жасалмайды.
    10.	 Барлық жазулар тәжірибе хаттамаларына жазылады (2-хат-
таманың үлгісін қосымшадан қара).
    Практикум тәжірибелері қалай дайындалады? Жасалатын
тәжірибенің бәріне де бақылау хаттамасы қажет, онда тәжірибенің
нөмірі, зерттеудің мақсаты, нысан, әдіс, бақылаудың уақыттары,
тәжірибелердің қойылған күні болады.
    Генетиктің жұмысы белгіні зерттеумен байланысты болғандық-
тан және тәжірибенің бас кезінде ол белгілердің генетикалық таби-
ғатын білмейтіндіктен (оны анықтау зерттеудің мақсатына кіреді)
зерттеудің бастапқы жазылуы төмендегідей жүргізіледі: ата-ана-
ларының ♀ және ♂ таңбаларын жазған кезде, тұқымқуалаушылығы
зерттелмекші болып отырған олардың белгісін де (немесе белгі-
лерін де) қоса жазады.
    Дрозофиламен тәжірибе хаттаманың үлгісі:
    Нысан: Дрозофила
    Тәжірибенің мақсаты: бір жұп белгілердің (сұр, қара дене) тұ-
қым қуалаушылығын зерттеу.

    1-шағылыстыру: ♀ сұр дене Х ♂ қара дене (тура шағылыстыру)

    2-шағылыстыру: ♀ қара дене Х ♂ сұр дене (кері шағылыстыру)

           56

⇐ МАЗМҰНЫ
   51   52   53   54   55   56   57   58   59   60   61