Page 104 - indexf
P. 104

кіндік беретін жанама әдістер қолданылады. Осы әдістер бастапқы
берілгендерге сәйкес келесі критерияларды қолданады: Раус-Гурвиц,
Михайлов, Найквист, Боде диаграммасы (ЛАЖС) және басқалары.

5.2. Гурвиц орнықтылығының алгебралық критерийі

    Бұл өлшем сипаттама теңдеуінің реті 5-тен жоғары емес болған-
да қолданылады. Осы өлшемнің артықшылығы есепті шешудің қа-
рапайымдылығында болып келеді. Гурвиц өлшемін қолданудағы
кемшілігі, ол АБЖ жеке алынған элементерінің жалпы жүйе орнық-
тылығына әсер етуін анықтауға мүмкіндік бермейтінінде болады.
Мына сипаттама теңдеуімен берілген автоматты басқару жүйесіне
Гурвиц өлшемін қолданайық.

                      an pn + an−1 pn−1 + ⋅ ⋅ ⋅ + a1 p + a0 = 0

    Жүйе орнықты болады, егер Гурвиц анықтауышы және оның
барлық диагональ минорлары оң болған жағдайда, яғни

∆n > 0, ∆n−1 > 0, ... , ∆2 > 0, ∆1 = an−1 > 0 .

    Гурвиц анықтауышы белгілі ереже бойынша құрылады, яғни
диагональ бойымен коэффициенттерді an−1 -ден бастап кему реті-
мен орналастырады. Содан, анықтауыш бағанын толтырады, жоғары
диагональ элементтерін индекстерінің кему ретімен, ал төменгі диа-
гональ элементтерін өсу ретімен орналастырады. Егер коэффициен-
ттері болмаса, онда сәйкес элемент нөлге тең болады.

           an−1 an−3 . . 0

           an an−2 . . 0

           ∆n = .  . .. .

           . . . a1 0

           0 . . a2 a0

    Әр диагональдағы минор, ∆n−1-ден бастап жоғары ретті минормен
(мұнда ∆n болады) оң жақ бағанын және төменгі қатарды сызу жо-
лымен табылады.

⇐ МАЗМҰНЫ          104
   99   100   101   102   103   104   105   106   107   108   109