Page 36 - indexf
P. 36

шын механизмнің орын ауыстыру функциясы бейсызықты бола-
тындығын көрсетеді. Яғни шын механизмнің динамикалық үлгісін
бейсызықты деп айтуға болады.

    Құрғақ үйкелісте сырғанаған кезіндегі үйкеліс күші мына фор-
мула арқылы анықталатыны белгілі:

                                       FT = fN,

мұндағы, f – үйкеліс коэффициенті; N – қалыпты қысым күші.
    2.6-суретте көрсетілгендей, үйкеліс күші қозғалысқа v қарама

қарсы бағытталады.

2.6-сурет. Үйкеліс күшімен салыстырмалы жылдамдық
                     арасындағы тәуелділік

    2.6-суретте бейнеленгендей, салыстырмалы жылдамдық бағы-
ты өзгергенде үйкеліс күшінің функциясы үзіледі. Сондықтан үйке-
ліс күштен тәуелді болатын жалпыланған күштің құрастырушысы
бейсызықты функция бойынша өзгереді. Осы жағдай динамикалық
үлгінің бейсызықтығына әкеліп тірейді. Ескеріп кеткен жөн: бұл
қатаң бейсызықтық жағдайда функция үзілген нүктесінде бейсы-
зықты теңдеуді сызықтауға болмайды.

    •• Механизм буындарының серпімді сипаттамаларының бейсы-
зықты болуынан.

    2.7-суретте екі тістерінің саны z1, z2 тең, тісті доңғалақтан тұра-
тын тісті беріліс берілген. Егер доңғалақтарды абсолют қатаң дене-
лер деп болжасақ онда жетектегі доңғалақтың айналғандағы бұрышы
φ2 жетекші доңғалақтың айналуымен φ1 толық анықталады, яғни

⇐ МАЗМҰНЫ  36
   31   32   33   34   35   36   37   38   39   40   41