Page 38 - indexf
P. 38

Осы жағдайда жүйенің дифференциалдық теңдеуін құрғанда
бейсызықты динамикалық үлгі пайда болады. 2.8-суретте дис-
сипативті элементі бар жүйенің мысалы келтірілген. Келтірілген
діріл тоқтатқышта J1, J2 – инерция моменттеріне ие екі дене, серпін-
ді (с – қаттылық коэффициентті) және диссипативті (b – диссипация
коэффициенті) элементтері арқылы бір-бірімен байлананыста тұр. Осы
жүйенің динамикалық үлгісі әрине бейсызықты болады.

                          2.8-сурет. Діріл тоқтатқыш

    •• Электрондық компоненттердің бейсызықты болу салдарынан

    Электрондық күшейткіштерді алсақ олардың бір шектелген ай-
мақта шығыс y және кіріс u шамаларының арасында сызықты тәуел-
ділік бар. Шынында кіріс әсер шексіз өзгергенде бір қанықтыру ай-
мақ болады сол аймақтың ішінде шығыс шама ymax , ymin мәндерінен
аспай (2.9-сурет) сұлбада көрсетілгендей өзгереді.

                                                  y

           ymax

                           u

                     ymin

           2.9-сурет. Күшейткіштің статикалық сипаттамасы

    Ақпаратты-өлшегіш жүйелерде қолданылатын датчиктердің кө-
бінде осыған ұқсас сезімталсыздық аймағы бар. Ол аймақтың ішін-
де (2.10-сурет) кіріс сигнал ∆ -дан ∆ -ға дейін өзгергенде шығыс
сигнал мүлде жойылады. Сонымен қатар, датчиктердің мысалы,

⇐ МАЗМҰНЫ        38
   33   34   35   36   37   38   39   40   41   42   43