Page 32 - indexf
P. 32

шамамен y бағаланады. Бұл тұжырымда бірінші мысал үшін кіріс
сигналы ретінде күш F алынсын, ал екінші мысал үшін – момент M.
F, M кіріс әсерлерге сәйкес (2.3-суретте) шығыс шамалар а үдеуі
және e бұрыштық үдеу өзгереді.

                         2.3-сурет. Әсерлесу сұлбасы

    2.2-мысал
    Қарапайым резистрлі сыйымдылықты (RC) тізбекті қарасты-
райық. Конденсаторға кернеудің тәуелділігін көрсететін динами-
калық модельді құрастыру қажет делік. Ui арқылы кіріс кернеуді
белгілесек, UO арқылы конденсатордың кернеуін белгілейік. Тізбек-
тегі кернеу үшін Кирхгофтың екінші ережесі бойынша мынаны
аламыз:

                                 Ui − R ⋅ I −U0 = 0 .
    Мұндағы, R, I – тізбектегі активті кедергі және ток.

2.4-сурет. Резисторлы сыйымдылықты (RC) тізбек

    Конденсатор уақытқа байланысты өзіне электр зарядын жи-
найтыны белгілі. С сыйымдылықты конденсатор арқылы өтетін
ток I уақыт бойынша кернеудің туындысына пропорционал, яғни:

                                   I= C ⋅ dU0
                                            dt

    Осы екі теңдеуден тоқты алып тастап RC тізбегінің дина-
микалық моделін мына түрде алуға болады:

⇐ МАЗМҰНЫ  32
   27   28   29   30   31   32   33   34   35   36   37