Page 51 - indexf
P. 51

тауыштарын табу жеткілікті. Егер олар 0-ге тең болса, онда
матрицаның толық рангы болады.

    Бақылау сұрақтары:
    1.	Түрлендіру операторына (ТО) түсініктеме беріңіз.
    2.	АБЖ дифференциалды теңдеуіндегі қандай айнымалыларды
толассыз деп атайды? Мысал келтіріңіз.
    3.	АБЖ дифференциалды теңдеуіндегі қандай айнымалыларды
салыстырмалы деп атайды? Мысал келтіріңіз.
    4.	Толассыз және салыстырмалы айнымалылар арқылы диффе-
ренциалдық теңдеуді жазыңыз.
    5.	АБЖ және кез келген элементтің «кіріс-шығысын» бейнелей-
тін жалпы жағдайдағы тәуелділігін жазыңыз.
    6.	Сипаттаушы теңдеудің мысалын келтіріңіз.
    7.	Біртекті ДТ жалпы шешімі қандай түрде болады?
    8.	ДТ операторлық түрде жазыңыз.
    9.	Операторлы беріліс функциясы қандай түрде болады?
    10.	 Жүйенің анализі және синтезінің тізбектілігі қандай?
    11.	 Бейсызықтық дифференциалдық теңдеулерге келтіретін се-
бептер қандай?
    12.	 Қандай жағдайларда нақты қателіктері бар сызықты емес
теңдеулерді сызықтыға ауыстыруға болады?
    13.	 Сызықты емес теңдеулерді сызықтандыру тізбегін келтірі-
ңіз.
    14.	 Лаплас түрлендіруін қолданудың артықшылықтары.
    15.	 Лаплас бойынша түрлендірудің өрнегін келтіріңіз.
    16.	 Лаплас бойынша кері түрленудірудің өрнегін келтіріңіз.
    17.	 Кешенді беріліс функциясының өрнегін келтіріңіз.
    18.	 Жүйенің күй айнымалысына анықтама беріңіз.
    19.	 Күй векторының өрнегін келтіріңіз.
    20.	 АБЖ күй теңдеуін жазыңыз.
    21.	 Қандай АБЖ бақыланатын деп аталады?
    22.	 Қандай АБЖ басқарылатын деп аталады?
    23.	 Бақыланудың керекті және жеткілікті шартын келтіріңіз.

⇐ МАЗМҰНЫ  51
   46   47   48   49   50   51   52   53   54   55   56