Page 180 - index Bapaeva
P. 180

оқу-танымдық субъектісінің оқу үдерісін қамтамасыз ететін
психологиялық құрылымдары қалыптаса бастайды. Осы жас ша-
масына дейін бала заттар әлемінде тіршілік етсе, ендігі жолда
ол ғылыми тұрғыда қатаң тәртіпте ұйымдасқан қатынастар мен
заңдылықтар әлемінде тіршілік ете бастайды. Мектеп кезеңінде
іс-әрекет субъектісімен қатар жеке тұлға қалыптаса бастайды.
Осы кезеңде қоғамдық-бағдарланған әсердің қалпы күрделеніп,
тікелей (баланың құрдастарымен және ересектермен қарым-
қатынасы) және әлеуметтік әсердің әрқилы каналдары арқылы,
жанамаланған (кино, теледидар, шығармашылық әдебиет және
т.б.) сипатқа ие бола бастайды. Мектеп кезеңінде жеке тұлға мен
іс-әрекет субъектісінің біртұтас көріністері, яғни мінезі, жалпы
және қосымша қабілеттері, дүниетанымы, мақсатты түрде бол-
жай алу іскерлігі мен мотивациялық-қажеттілік сферасы, кәсіби
бағытқа мойын бұра бастауы, құнды бағдарлары, мінез-құлқы мен
іс-әрекетін өз еркімен реттей алу іскерлігі қалыптаса бастайды.

    Баланың әлеуметтік ортада бағдарлануы мен мінез-құлқының
адамгершілік үлгілерін меңгеруінің негізінде, оның жеке
басының қасиеттері қалыптаса бастайды. Осы тұста қарым-
қатынастың алар орны ерекше. Ең алдымен, баланың ересек-
термен жанамаланған және тікелей қатынасы арқылы оған ата-
бабалардың көне мұралары жетіп отырады. Сонымен бірге тек
қарым-қатынас арқылы ғана психиканың әлеуметтік нормалары
(сөйлеу-тілі, естің, зейіннің, ойлаудың, перцепцияның, ырықты
түрлері, жеке тұлғаның қасиеттері және т.б.) қалыптаса алады.
Қарым-қатынас тәжірибесін біртіндеп жинақтау арқылы жеке
тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің сапаларының күрделі
жүйесінің қалыптасуына негіз болатын жеке тұлғаның қарым-
қатынас қабілеттері қалыптаса бастайды. Жеке тұлғаның басқа
адамдарды тануының негізінде пайда болған қарым-қатынас
үдерісінде, оның сана сезімі, өзіндік реттеу мен кері байланыс
қасиеттері, жоғары дәрежедегі сапалары қалыптаса бастай-
ды. Осылайша, «топтар арасындағы қарым-қатынас, ұжымдағы
топтар арасындағы қарым-қатынас, ұжым арасындағы қарым-
қатынас дербес дамудың әлеуметтік детерминациясындағы негізгі
каналдардың бірі болып табылады».

    Оқу іс-әрекеттің негізгі түрі ретінде қарым-қатынас пен та-
нымды өзара байланыстырады. Сондықтан да балалардың мек-

                                    180

⇐ МАЗМҰНЫ
   175   176   177   178   179   180   181   182   183   184   185