Page 181 - index Bapaeva
P. 181

тепке келу мерзімінен бастап және олардың осы кезеңге дейінгі
ойын іс-әрекетінде, оқушыларда жеке тұлғаның қарым-қатынасты
қамтамасыз ететін қасиеттерінің қарқынды түрде қалыптасу
үдерісі орын алады. Оның оқу үдерісіндегі күрделілігі ұлғая
түседі. Осындай өзгерістердің барлығы, бала өміріндегі әлеуметтік
жағдайлар мен топтардың әртүрлілігінің ұлғаюымен, қарым-
қатынастың формалары мен түрлерінің сапалы өзгерістерімен
байланыс-ты. Балалардың отбасындағы және құрдастарымен
қарым-қатынастарынан тыс, мұғалімге, құрдастарына қатысты
қарым-қатынастың жаңа түрлері және оқушылардың түрлі
үйірмелер мен топтарға енуінің негізінде достық қатынастардың
жүйесі де қалыптаса бастайды.

    Қарым-қатынастың осындай түрлері мен формалары, баланың
оқу-танымдық іс-әрекетін жүзеге асыру үшін қарым-қатынас пен
іс-әрекет субъектісі жеке тұлғаның дамуында өте маңызды.

    Б. Г. Ананьев бойынша, жеке тұлғаның түрлі әлеуметтік
топтары бар бүтіндей қоғаммен байланысының көптүрлілігі,
жеке тұлғаның интраиндивидуалды құрылымымен, оның жеке
қасиеттерімен ішкі әлемінің ұйымдасуын анықтайды.

    Жас ерекшелікті жіктеуде қарым-қатынас дербес іс-әрекет
ретінде анықталады: балалық шақтағы объекті бойынша Б – Е
(бала-ересек) жеткіншек кезеңінде құрдастарымен Б –Б (бала-
бала).

    Адам әлеуметтің ажырамас бөлігі болып табылатындықтан,
оның өмірін және дамуын адамдармен қарым-қатынасынсыз елес-
тету мүмкін емес.

    Бастауыш мектеп кезеңі баланың мектеп табалдырығын атта-
уымен байланысты. Бұл кезеңнің шегі алты-жетіден тоғыз-он жас.

    Физиологтардың мәліметтері бойынша 7 жас шамасында бала
миының үлкен жарты шарларының қабығы біршама жетіледі. Бас-
тауыш мектеп оқушысы әртүрлі денелік ерекшеліктері болады.
Сүйек жүйесінің қатаю кезеңі аяқталады. Сондықтан мұғалім оны
ескеру қажет. Олардың психикасы жақсы жетілмегендіктен балаға
көп жазу жаздырып шаршатпау керек. Жүйке жүйесінің жүйесі
әлі дамып жетілмеген, 7 жастағы баланың миының салмағы 1250
грамм. Бұл жастағы баланың танымдық үдерістері тұрақсыз бо-
лып келеді. Оларда ырықсыз зейін басым келеді. Олар өте қозғыш,
алаңдағыш болады. Бірақ тәжірбиелі мұғалім жұмысты қызықты

                                    181

⇐ МАЗМҰНЫ
   176   177   178   179   180   181   182   183   184   185   186