Page 182 - index Bapaeva
P. 182

жүргізе білсе, онда бала сабаққа көңіл қоя бастайды, олардың
жүрек жүйесі толық жетілмегендіктен, сергіту сәттерін өткізу ке-
рек. Бұл жастағы балалар әлі де ойынға қызығып тұратындықтан,
сабақты ойын түрінде өткізген дұрыс.

    Мектептегі оқу бала дамуындағы әлеуметтік жағдайдың
өзгеруіне әкеледі. Ол «қоғамдық» субъектіге айналады. Баста-
уыш мектеп кезеңі білімдерді сіңіру, жинақтау кезеңі. Бұл жас-
та балалардың сана-сезімі дамиды: нақты жағдайға байланысты
бағалау жалпылай бағалауға алмасады, баланың өз-өзіне деген
сыншылдығы ұлғаяды. Оқу үдерісінде баланың сезімдері өзгереді.

    Ойын іс-әрекетіне деген қажеттілік сақталғанымен,
ойындардың мазмұны өзгереді. Бастауыш мектеп жасындағы ба-
лалар ережелері бар, спорттық ойындарға, жарысу элементтері
бар ойындарға қызығушылық білдіре бастайды.

    Балалардың танымдық іс-әрекеті ырықты сипатқа ие болғаны
танымның шеңберін кеңейтудің үлкен мүмкіндіктерін аша-
ды. Мәселен, ес ырықтығының көрсеткіші ретінде есте сақтау
тәсілдері қолданылады.

    Бастауыш мектеп жасындағы баланың ақыл-ой мүмкіндіктері
жайлы мәселе әр кезеңде әрқилы шешілді. Қазіргі заманғы
зерттеулердің нәтижесінде баланың ақыл-ой мүмкіндіктерінің
кеңейгені анықталды. Қолайлы жағдайда балалар абстрактілі
теориялық материалды меңгеруге едәуір қабілеті.

    3. Оқу іс-әрекеті және оның құрылымы

    Оқу – оқу әрекеті деп аталатын ерекше және адамның іс-
әрекетінің жетекші түрінің бірі. Оқудың «ерекше» болуы, оның
нәтижесінде, ойын және еңбек әрекеттеріндегідей, субъектінің
әрекет ететін заттарының өзгеруі емес, керісінше, әрекет жасау-
шы субъект – адамның өзінің өзгеруіне байланыстылығында.
Егер оқу әрекеті дұрыс ұйымдастырылса, онда педагогикалық
психология тұрғысынан кез келген іс-әрекет сияқты, оның өзіне
тән психологиялық құрылымы, ниеттері мен мақсаты, құрал-
саймандары және олардан туындайтын соңғы нәтижесі болуы
қажет.

    Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейннің

                                    182

⇐ МАЗМҰНЫ
   177   178   179   180   181   182   183   184   185   186   187