Page 183 - index Bapaeva
P. 183

еңбектерінде оқу-білім, іскерлік, дағдыны иемдену түрінде (ал
даму – қабілеттерді, жаңа қасиеттерді иемдену) қарастырылады.

    П. Я. Гальпериннің анықтауынша оқу субъекті әрекетінің
негізінде білімді ұғыну. Д.Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтарша,
оқу – оқу әрекетінің арнаулы түрі, ал А.Н. Леонтьев теориясы бо-
йынша, оқу (ойын және еңбекпен бірге) – жетекші әрекеттің типі.
Оқу полимотивті және полимағыналандырылған іс-әрекет деп
қарастырылады.

    Қазақстандық психолог С. М. Джакупов оқу әрекетінде
оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін белсендіруде бірлескен-
диалогтық танымдық іс-әрекетін қалыптастыру ұғымын енгізді.

    Г. В. Габайдың көрсетуінше, оқу әрекеті екі құрамдас жүйеден
немесе іс-әрекеттен құрылатын әрекет. Біріншісі – жүйеше немесе
іс-әрекет түріндегі оның негізгі функционалды компоненті, оқу.
Оқу әрекетінің дайындаушылық функционалды компоненттері
оқу іс-әрекетінің басқа жүйешесіне топталады. Оқу әрекеті – қол
жеткен тәжірибені ұғыну арқылы іске асырылатын «таза» та-
ным үдерісі. Оқыту іс-әрекеті – оқу іс-әрекетінің жемісті өтілуін
қамтамасыз етуге бағытталған.

    И. И. Ильясовтың анықтауынша оқу әрекеті – субъектінің
өзін-өзі өзгертуі, өзін-өзі дамытуы, нақты білімдер, іскерліктер,
дағдылар жоқ субъектіден, соларды иемденген субъектіге айна-
луы.

    «Оқу» ұғымымен қатар кеңестік психологтарда (Л.С. Выгот-
ский, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, А.К. Маркова)
және шет елдіктерде де (Х. И.Лийметс, И. Лингарт) көбінесе «оқу
әрекеті» деген ұғым да жиі қолданылып жүр. Оның мазмұнына
үдеріс және нәтижесімен қатар, құрылымдық ұйымдастырылуы,
ең негізгісі – оқудың субъективтілігі кіреді.

    Қазіргі кезде оқу әрекеті – оқудың арнаулы формасы
ретінде, арнайы ұйымдастырылатын (өзін-өзі ұйымдастыру),
басқарылатын (өзін-өзі басқару), бақыланатын (өзін-өзі бақылау)
объект түрінде көрінеді.

    Жоғарыда айтылғандар «оқу» ұғымының мазмұны тым кең,
көпжақты және түрлі ғылымдар тұрғысынан қарастырылатынын
көрсетеді.

    Оқу проблемасы пәнаралық болып табылады. Соған сәйкес
әртүрлі тұрғыдан қарастырылуы мүмкін. И. Лингарт төмендегідей
аспектісін белгілеп көрсетеді:

                                    183

⇐ МАЗМҰНЫ
   178   179   180   181   182   183   184   185   186   187   188