Page 184 - index Bapaeva
P. 184

Биология позициясынан оқу адаптациялық (бейімделушілік)
үдеріс, бұл жағдайда тұқымқуалаушылық, орта, үйрену, реттеу
қарастырылады.

    Физиология тұрғысынан шартты рефлекстердің қалыптасуы,
жоғары жүйке әрекетінің заңдылықтарына, мидың аналитикалық-
синтетикалық әрекетіне байланысты қарастырылады.

    Психология тұрғысынан, оқу әрекеті – субъект белсенділігі,
психикалық дамудың факторы түрінде қарастырылады. Оқу
әрекеті адам мінез-құлығын ары қарай жүйелік өзгерістерге
жетелейді. Бұл тұрғыдан белгілік-символдық құрылымдардың
мәліметтік функциясына, мағыналандыруға, танымдық және
мотивациялық құрылымдарға ерекше назар аударылады.

    Әлеуметтану тұрғысынан оқу-әлеуметтендіру факторы, жеке-
даралық пен қоғамдық сананың әрекеттесуінің шарты.

    Педагогика тұрғысынан, «тәрбиелеу мен оқыту, қоғамдық
тәжірибені аса тиімді түрмен беруді қамтамасыз ететін қоғамдық
жағдайларға байланысты, мақсатталған жүйе» тұрғысынан
қарастырылады.

    Оқу әрекетінің мотивтері өте көп немесе қазір айтылып
жүргендей, ол полимотивті. Барлық мүмкін мотивтерді теория
жүзінде әртүрлі негіздерге сүйеніп, бірнеше түрге бөлуге бо-
лады. Осылайша мотивтерді органикалық (олар организмнің
табиғи қажеттіліктерін тамаққа, жылуға, т.б. қанағаттандыруға
және сол үшін жағдайлар жасауға бағытталуы), функционалды
(белсенділіктің түрлі мәдени формаларымен, мысалы, ойын, спорт,
т.б. қанағаттандырылуы), материалдық (адамның өмір сүруі мен
дамуына қажетті материалдық құралдарды жасау мен өндіру, мы-
салы, үй-жабдықтары, әртүрлі заттар, аспаптар, т.б.), әлеуметтік
(адамның қоғамдағы белгілі орынға ие болуына іс-әрекетінің
бағытталуы, негізінен қоғамдық пайдалы еңбекке көзқарасының
арқасында басқа адамдар үшін қадірлі және сыйлы болуы,
адамның рухани – адамгершілік және парасаттылығы жағынан
қасиеттерін жетілдіруге бағытталатын іс-әрекеттері. Мысалы,
оқу-танымдық әрекеттерін дамытуы. Ниеттерді (мотивтерді) осы-
лайша бөлу шартты түрде алынады. Өйткені ниеттердің бөліну
түрлерінің арасында ажыратуға болатын дәл шекара жоқ. Осы
орайда сол ниеттердің психологиялық табиғатын түсінудің өзі де
айтарлықтай нәтиже бермейді, ниеттерді түр-түрге бөлу тек аб-

                                    184

⇐ МАЗМҰНЫ
   179   180   181   182   183   184   185   186   187   188   189